5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    Өнер иелері “Ломбард 24” компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмегенін айтып, халықтан кешірім сұрады

    Қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар ағайынды Артур мен Асылхан Төлеповтер және эстраданың жарық жұлдызы Айқын Төлепберген “Гарант 24” жарнамасына түскені үшін, барша қазақстандықтардан кешірім сұрады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталыНы сілтеме жасап.

    Айқын Төлепберген бұл компанияның жарнамасына түскенін айтып, өзі де алданып қалғанын жеткізді.

    “Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. Сіздер сияқты мен де алданып қалдым. Компанияға мені досым алып барды. Ол “көлігіңді қымбатқа сатып, арзанға басқа көлік сатып аласың” деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Келісімшарты да көрдім. Көп көлік пен пәтер сатын алынғанын да көрдім. Бұл жерде мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбат бағаға өткізуге болады деп ойладым. Мен өзім арзан бағаға көлік күттім. Алдандым. Досым да алданғанын айтып отыр. Осы арқылы кейбір достарым арзан бағаға көлік алып, кейбір достарым шын мәнінде көліктерін қымбатқа сатты. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім”, – деді әнші.

    Өнер иесі “Ломбард 24” компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмегенін, бұл ісіне қатты өкінетінін айтып, барша тыңдармандарынан кешірім сұрады.

    қатысты посттар

    Димаштың португалдық жанкүйері қазақтардан кешірім сұрады (видео)

    “Нұрғали Нүсіпжановтан қаламыз ба?”

    “Қасқа тісіңді қағып алып, бір жеріңе шегелеп береміз!” – желтоқсан қатысушысы Жанболат Мамайды әшкереледі (видео)

    Пікір қалдыру

    nineteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.