11 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Қуанышты жаңалықты түнде естідік” – Он тоғыз миллионыншы қазақстандықтың анасы

    Он тоғыз миллионыншы қазақстандық қыздың анасы Назгүл Көбентаева сұхбат беріп, баланың қазіргі жағдайы мен қуанышты хабарды қалай қабылдағанын айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Назгүлдің айтуынша, Желіде баланың туған күніне байланысты ақпарат қате тарап кеткен екен.

    “Негізі Жания 20 маусымда туған. Желіде 3 тамыз деп қате ақпарат тарап кетіпті. Қазір жағдайымыз жақсы, үйдеміз. 19 миллионыншы қазақстандық атанғанымызды кеше, 3 тамызда түнгі 23.30 шамасында білдік қой”, – дейді Назгүл. 

    Назгүл мен жары Азамат 2007 жылы шаңырақ көтерген.

    “2007, 2012 жылы туған қыздарымыз бар. 2014 жылы тағы бір қызымыз өмірге келген, бірақ 1 жас 7 айында шетінеп кетті. Сол қызымыздан кейін биыл төртінші қызымыз дүниеге келді. Жолдасым Азамат Сарқанд қаласынан, өзім Талдықорған қаласының тумасымын”, – дейді ол. 

    Назгүл Көбентаева мен Азамат Нұрғалиев отбасымен. © Tengrinews.kz

    Қуанышты хабарды дәрігерлер айтқан екен. 

    “Бұл жаңалықты ауруханадағы дәрігерлеріміз хабарлады. Бізді жан-жақтан іздестіріпті. Өзім қаралып жүрген гинеколог дәрігерім хабарлады. Түнде медбикелер мен ауыл әкімі келіп құттықтап кетті”, – дейді Назгүл. 

    Назгүл Көбентаева қызы он тоғыз миллионыншы қазақстандық болғанын естігенде аздап қобалжығанын айтады. 

    “Туған-туыстарымыз да бұл жаңалықты естіді. Кешеден бері бәрі хабарласып, құттықтап жатыр. Он тоғыз миллионыншы қазақстандық боламыз деп мүлде ойламаппыз. Кеше естіп, қобалжу болды ғой бәрібір. Бір шеті қуандық. Қазір бәрі жақсы. Жания айы-күніне толып туды. Жақында баланың қырқынан шығардық”, – дейді Назгүл.  

    Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

    “Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!”, – деп тіледі Президент.

    Фото: отбасы мұрағатынан

    қатысты посттар

    “Мәйіт табылғанға дейін де септикті 10 рет ашып қараған” Атырау облысында өлі күйінде табылған 1,5 жасар баланың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

    Фариза

    “Бұлардың коронавирустан өлген адамдарға түкіргендері бар” Карантин кезінде ережені бұзған тағы бір шенеуніктік әрекеті әшкере болды

    Фариза

    Сап-сау кетіп, әскерден ауру болып оралған Ренатқа қатысты тың дерек жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.