29 C
Алматы
Сәрсенбі, 19 Маусым 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға Саясат

    Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді

    Құқық қорғаушылар митингке шыққандарға әлеуметтік және басқа да мәселелер жөнінде өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік берілгенін айтты

    Бас прокуратураның ресми үндеуіне қарамастан, бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өтті, деп жазады Sputnik Қазақстан

    Заңсыз шеруге шыққандарға өздерінің қоғамдық ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша өз пікірін ашық және еркін білдіруге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Дегенмен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кейбір адамдар өздерін дөрекі ұстап, елімізде тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” экстремистік ұйымының ұранын айғайлап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

    “Осыған байланысты прокуратура мен әкімдік өкілдері оларға бейбіт жиналыстар мен митингтерді өткізу тәртібінің ережелерін түсіндірді. Кейбір азаматтар заңсыз әрекетті тоқтату туралы талапқа бағынбады. Осыдан кейін полиция күштері заң бұзғандарды ұстап, қоғамдық тәртіп орнату үшін тиісті шаралар қабылдады”, – деп мәлімдеді ІІД-ден.

    Нәтижесінде елорда мен Алматы қаласында полиция бөлімдеріне 80 адам жеткізілген. Олардың әрекетіне заңмен белгіленген тәртіпте құқықтық баға беріледі, деп атап өтті ведомстводан.

    Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа бой алдырмауға және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға кеңес береді, делінген хабарламада.

    ҚДТ, Қазақстанның демократиялық таңдауы* – Қазақстанда экстремистік деп танылған ұйым, оның қызметіне елде тыйым салынған.

    қатысты посттар

    «Қазақтарды ауылға кіргізбейміз!». Полиция өзбек-қазақ арасындағы жанжалға пікір білдірді

    Фариза

    “Өздері шешеді” – Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты

    “Өмірім үшін қорқамын” Жігіті ұрып-соғып, ақшасын тартып алған алматылық қыз сұмдық суреттерін жариялады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.