12 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап, қаза тапты

    Құтқарушылар әйелдің сүйегін шығару үшін аппаратты 45 минут бойы бөлшектеген.

    Америкалық әйел Пенсильваниядағы зауытта өндірістік еттартқышқа құлап кетіп, көз жұмды,деп хабарлады Sputnik Қазақстан ABC News басылымына сілтеме жасап. 

    Ет комбинатының 35 жастағы қызметкері жұмыс істеп тұрған өндірістік еттартқышқа құлап, агрегаттың қозғалмалы бөліктерінде қаза болды. Зауыт қызметкерлерінің хабарлауынша, құтқарушылар әйелдің сүйегін шығару үшін аппаратты 45 минут бойы бөлшектегенін айтты.

    Әйелдің қайтыс болғанын полиция растады. Лилинг округінің тергеушісі Чарльз Кисслингтің айтуынша, марқұм доңғалақты сатыны пайдаланған болуы мүмкін.

    «Бұл орны толмас қасірет. Ол машинаның қозғалмалы бөліктерінде жан тапсырды. Мәйітті тауып алған қызметкермен сөйлестік. Ол аппараттан шыққан шуылды естіп, ерттартқыштағы әйелді көріп қалғанын айтты, содан кейін тоқты ажыратып, 911 нөміріне қоңырау шалған», – деді Кисслинг.

    Полицияның мәліметінше, оқиғаға ешкім куә болмаған.  

    Трагедия 1900 жылдан бері жұмыс істейтін The Economy Locker Storage кәсіпорнында болған, компания ет өнімдерін өндіріп, сатумен айналысады.  

    қатысты посттар

    Әлемдік саясаткерлер мен лидерлер Нотр-Дамдағы өртке байланысты париждіктерге көңіл айтты

    “Өз ағзамызды беруге дайынбыз”: Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіттің анасы кореялықтардан кешірім сұрады

    Фариза

    Ауғанстанда құқығын сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.