Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Головкин “P4P рейтингінің нағыз патшасы” және “Канелоны” жеңді деп мойындалды

    TheFightCity.com сайтының журналисті Роберт Портис салмағына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең мықты боксшылар бойынша өзінің тізімін жасап, Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) бірінші орынға қойды, деп хабарлайды vesti.kz

    Оның ойынша, Головкиннің басқа рейтингтердегі ахуалына мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жектерінің қорытындысы, нақтырақ айтсақ, төрешілердің әділетсіз шешімі әсер еткен.

    “Шынайы чемпиондар туралы айтсақ, міне нағыз патша, орта салмақтағы әлемнің ең мықты боксшысы, ол әрбір тізімде бірінші болуыға лайқыты. Қарсы айтарыңыз бар ма? Өзімнің pound-for-pound тізімімді көзқарасымды дәлелдеу үшін қолданамын ба? Әрине. “Канеломен” жекпе-жектерде төрешілер әділ болса, барлық сарапшы сымақтарда бірінші орынға Головкиннен өзге таңдауы да болмас еді. 

    Шындығына келейік: бірінші жекпе-жекте Головкин таза жеңді. Тартысты болды ма? Әлбетте. Шешім бұрмаланды ма? Жоқ, ол тіптен кері еді. Екінші жекпе-жекте теңдей болды ма? Иә. Бірақ бұл жекпе-жекте жеңісті Головкинге беруге үлкен себеп болды. Өзінен жас, жылдам, мықты қарсыласпен шешуші раундта ерлігін оятып, жеңісті алып шықты. Көрермендер төрешілер шешіміне қалай наразы болғанын айтпай-ақ қояйық. Алайда төрешілер оның даңқын өзіне бермеді, енді оны P4P рейтингінің бестігіне кіргізгісі келетіндер аз. Ал бұл Головкинге деген әділетсіздікті айқындата түседі. Рекордына, жетістіктеріне және орта салмақта қалай өнер көрсеткеніне қарап, Головкин P4P рейтингінің үздігі деп тануға лайықты және бұл жерде ешқандай сұрақ туындамау керек”, – деп жазыпты автор. 

    Портис тұжырымынша P4P рейтингі мынадай:
    1. Геннадий Головкин
    2. Василий Ломаченко
    3. Александр Усик
    4. Срисакет Сор Рунгвисаи
    5. Теренс Кроуфорд
    6. Наоя Иноуэ
    7. Эррол Спенс
    8. Тайсон Фьюри
    9. Мэнни Пакьяо
    10. Джош Уоррингтон
    11. Сергей Ковалев
    12. Хуан Франсиско Эстрада.

    қатысты посттар

    “Егер ондай мүмкіндік маған берілсе…” Қанат Ислам Геннадий Головкиннің АҚШ-та үлкен танымалдыққа ие болуына байланысты пікір білдірді

    Фариза

    Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды

    21 жастағы Бекзат бокстан әлем чемпионы атанды (видео)

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.