22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Қазақстанда спорт университетін ашу ұсынылды

    Елбасы Академиясының сарапшылары Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік спорт университетін ашуды ұсынды. Идеяны «Бұқаралық спортты дамыту» командасының көшбасшысы Ерназар Бексұлтанов айтты.

    По словам участника программы, в настоящее время в стране ощущается острая нехватка квалифицированных кадров в области спорта. 42 ВУЗа страны готовят лишь только по одной специальности – это тренер-преподаватель по физической культуре и спорту.Осындай жағдай жалпы спорт индустриясының кері кетуіне әкеледі.

    Сонымен қатар, бұл мамандық Педагогикалық мамандықтар бөлімінде мамандықтар классификаторында көрсетілген, ал ол басқа спорттық кәсіптермен қатар спорт бөлімінде болуы керек.

    Бұл үшін сарапшылар тобы Кельн университетінің жетекші оқытушыларымен бірге Германия тәжірибесін алып, Қазақстанда мемлекеттік спорт университетін ашуды ұсынды. Осы ұсыныстың апробациясы Нұр-Сұлтанда Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында басталды.

    Сонымен қатар, мамандар балабақшадан бастап сспортқа үйретуді ұсынды. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелерді жобалау кезінде міндетті түрде спорт залдары мен бассейндер құрылысын қосу қажет. Қазір тек 10583 мектепке дейінгі мекемелер спортзалмен жабдықталған (26,1%), бассейндер республикадағы балабақшалардың 4,2% -ында ғана бар.

    Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылардың пікірінше, мұғалімдердің деңгейін көтеру және мектепке дейінгі мекемелердегі спорттық бағдарламаларды жаңарту қажет. Бұл үшін команда ұсыныстар мен курстар жобасын әзірледі.

    Естеріңізге сала кетейік, ұсыныстар Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы академиясындағы өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді дайындау бағдарламасы аясында әзірленген болатын.

    Сарапшылар командасының құрамына: Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының спорт менеджері Ерназар Бексұлтанов; «Astana» су добы клубының спорт менеджері Дина Кудеринова; «Keremet holding» заң фирмасының және «Keremetart», «Diningsmart», «Foodystan» жобаларының негізін қалаушы, аға серіктесі Жібек Караманова; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорының м.а. Гаухар Ешенқұлова; «Самұрық-Қазына Инвест» кеңесшісі Алмаз Ұзақов; «Kazakh tourismҰК» АҚ менеджері Нұрлыбаев Бексұлтан; «ҚР МСАК дамыту жөніндегі ҚР ДСМ жобалық кеңсесі» жобасының талдаушысы Малика Тұрғанова.

    қатысты посттар

    Атыраулық жас палуан самбо күресінен әлем чемпионы атанды

    Фариза

    Головкин “P4P рейтингінің нағыз патшасы” және “Канелоны” жеңді деп мойындалды

    Қанат Ислам ұлымен бірге бейнебаянға түсті (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.