Бүгін Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова әріптестерін қартайғанда тұру үшін кооперативтер салуға шақырды. Ол мұқтаждарды қолдау жөніндегі шараларды талқылау кезінде өз идеясын айтқан еді. Осыған байланысты қоғам қайраткері, “Айгөлек” журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина пікір білдірді, деп жазады Stan.kz сайты.
Гүлжан Қарағұсованың аузымен айтылған мына жаңалыққа қатысты біз терең философ, ұлы математик Пифагордан артық айта алмаймыз: “Мықты заңын болғанша, мықты салт-дәстүрін болсын”. Ал енді дәстүрдің көкесі ол – ата дәстүр. Ол қанмен келетін дүние, сонау сен ұлт болып қалыптасуың – еркіңнен тыс нәрсе. Жаратылыстың күшімен қазақ деген ұлттың өкілі болып туғанбыз. Ал енді қазақ деген барлық бақытын ұрпағымен ғана байланыстырып қойған.
Мен осы биліктегі биліктің дәмін татып алып, биліктің майлы жілігінен дәм көрген, өздері кәртайып, шаруасы бітіп тұрса да, сол биліктен айрылғысы келмейтін, сол бір кезде билікте болғанын өле-өлгенше айтып, соны бір өздеріне даңқ көріп, мансап көріп, соны бақ көретін адамдарға мен түсінбеймін (Гүлжан Қарағұсова 9 қыркүйекте 69 жасқа келеді).
Ол өзінің баласына дер кезінде көңіл бөлмеген , ата-анасына көңіл бөлмеген, солардың қас-қабағына қарамаған, солардың жанарындағы шуақты, мейірімді, айналалайынды, шаршап отырған халді көрмеген, қас-қабағына қарамаған адамдар осылай есептейді деп ойлаймын. Мүмкін жетпей отырған отбасында отырғанша өкімет жағдайын жасап қойған жерде отыруды ол керемет деп ойлар. Бірақ ол біздің қанымызға келмейді ғой.
Адам деген тек ішкенімен, жегенімен ғана жақсы өмір сүрмейді ғой. Өмірінің мән-мазмұнын тек сонымен ғана бағаламайды ғой. Кез-келген жаратылыс иесі, жоғарғы сана иесі адам ғана емес, анау бауырымен жорғалайтын кішкентай жорғалаушылардан, жәндіктерден, нәзік гүлге дейін, қысқасы тіршілік иесінің барлығында бір-ақ мұрат болады. Ол мұрат – өсу, өркендеу, өз ұрпақтарын көру. Ол хайуанаттардың да арманы, құстардың да арманы.
Мен түсінбеймін. сонда сіз балаңызды өсіреді екенсіз, балам үшін-балам үшін деп іжанталасады екенсіз, ал сосын қартайғанда балаңнан бөлініп алып тұру дегенді мен көз алдыма елестете алмаймын. Қазақтық қасиетті түсінбейтін, қазақи қасиетті бағалай алмайтын, ата-анасының қас-қабағына қарамаған, ата-ананың тек ішіп-жеп, тойғанына ғана емес, ата-ананың көзінде не бар, жүрегінде не бар, тілегінде не бар деп, ата-анасынан хал сұрамаған, жанарына қарамаған, ата-анасының көңілін, қуанышын түсініп көрмеген адамдар ғана мұндай тірлік жасайды менің ұғымымда.
Мен мысалы үшін қазір тірідей жұмаққа үлпілдетіп апарам десе, бейнетімнен бәрінен алып кетіп, тойған жеріңе отырғызам десе келіспеймін, мен тойған жерде жүретін ит емеспін ғой, мен ұрпағымның өскенін көргім келмей ма, мен осы уақытта қарттық-қазыналыққа жеткенімде, өмірден түйген-білгенімді, сүйгенімді, қазақтың жақсылығын ұрпағыма ертегі ғып, мақал-мәтел қылып, шешендік сөз қылып айтпаймын ба? Етінен өткізіп, сүйегіне жеткізіп, қазақтың қасиетін жас қазаққа жеткізбеймін ба, менің үлкендігім сол емес па?
Мен неге ол жерде жағдайым жақсы болса болды, балам маған тамақ істеп бермей-ақ қойсын, келінім мені жақтырмай-ақ қойсын деп, неге мен бәрін ақшаға тіреп қоюым керек? Ақшадан басқа құндылық жоқ па? Тек қана ата-ананың қадірін білмейтіндер ғана осындай қадамға барады деп есептеймін, бұл менің көзқарасым.