Әлемге танымал қылмыскер “Таро” Онианидің қызы Гванца қылмыс әлемінің нағыз ханшаймы. 25 жастағы бойжеткен кішкентай кезінен бері тап болған қиыншылықтарына қарамастан, балқып-шалқып өмір сүруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: rospres.org
Гванца 12 жасында қылмыс әлемімен бетпе-бет келген. Ол ұзақ уақыт бойы полицейлерге ұсталмай жүрген әкесінің кесірінен түрмеден бір-ақ шыққан.
Испания тәртіп сақшылары “Тароны” таба алмағандықтан, уақытша оның қызын темір торға тоғытып тастады. Алайда, ақыр-соңы Гванцаның ата-анасын келмей, полицейлер төрт күннен соң қызды босатуға мәжбүр болды.
Фото: rospres.org
Дегенмен, “Таро” қолға түсіп он жылға сотталып кетті. Әкесінің түрмеге түскені Ониани отбасына аса үлкен өзгеріс енгізбесе керек.
Фото: rospres.org
Фото: rospres.org
Гванца әлі де балқып-шалқып өмір сүруде. Ол түрлі шараларға қатысып, тек қымбат жерлерде қыдырады. Бойжеткеннің өмірі жөнінде оның әлеуметтік желілері арқылы аңғаруға болады.
Фото: rospres.org
Ол Монако мен Грецияда демалғанды қатты ұнатады. Сонымен қатар, Гванца бірінші деңгейлі адамдар қатысатын ауқымды шараларға жиі барып тұрады.
Фото: rospres.org
Көпшілік қылмыс серкесінің мінсіз мүсінді қызына тәнті болуда. Грузиялық тамырлары бар бойжеткен ерекше сұлулыққа ие болған.
Фото: rospres.org
Айта кетейік, биылғы жылы “Таро” Ониани жазасын өтеп, түрмеден босап шықпақ.
Фото: rospres.org