22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Қазақстанда коронавирусты анықтайтын лаборатория жоқ

    Бүгінде жұқпалы індет коронавирус бүкіл әлемді дүрліктіруде. Қытайдың Ухан қаласынан басталған эпидемия әлемнің біршама елдеріне таралып үлгерді. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда 5000-ға жуық адам бұл вирусты жұқтырып, 100-ден аса адам жұқпалы вирустың салдарынан көз жұмды.

    Елімізде де сақтық шаралары күшейтіліп, жауапты мекемелер күн сайын қарапайым халыққа сақтану ережерелімен таныстыруда. Жұқпалы вирусқа байланысты қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласып, қажетті ақпараттарды алуға да мүмкіндік жасалды. Көрсетілген нөмірге хабарласып, коронавирус жайлы біршама сұрақтар қойған болатынбыз. Сауалдарымызға жауап берген Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бейсенов Жұмабек аталмыш вирустың үдкен топқа жататындығын және де мұның  аталмыш вирустың үдкен топқа жататындығын және де мұның 39 түрі бар екендігін айтты.

    «Бұрын-соңды осыған ұқсас қауіпті вирустар таралған SARS секілді. Коронавирус та сондай қаіпті вирустар тобына жатады. Қазір бізде бұл вирусты емдейтін қандай да бір вакциналар мен препараттар жоқ.

    Бұл вирустан сақтанудың ең маңызды жолы – тазалық шаралары. Салқын тию, яғни гриптен қалай сақтанамыз, солай сақтық шараларын жасауға болады. Коронавирустың негізгі белгілері де дәл гриптің белгілері сияқты болып келеді» – дейді Бейсенов Жұмабек.

    ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустық инфекциялардың алдын алу және оны жұқтырмауға бағытталған негізгі шаралары туралы айтты.

    Оның айтуынша, Ауруға күдіктілерден алынған сынамалар мен анализдер үлкен ғылыми орталықтарға (ДДСҰ ұйымдары, ірі ресейлік зертханалар) жіберіледі екен.

    “Қазақстанның медициналық мекемелері Қытайдан келген адамдарды бақылауға дайын. Бақылау ұзақтығы 14 күн, сондықтан вирустық инфекцияның белгілерін анықтауға көп уақыт қажет” – деп айтып өтті Жандарбек Бекшин.

    Алматы әкімі өзінің Facebook парақшасында вирустың алдын-алу шараларымен бөлісті.

    «Алматыда халықаралық стандарттар мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясының-асқынған инфекциялық аурудың тарауын болдырмау бойынша нақтылы шаралар қабылдануда. Әуежай мен теміржол вокзалдары арқылы туристік және миграциялық лек өтетіндіктен жолаушыларды тексеру күшейтілді. Әуежайда коронавирустік күдігі бар ауруларды оқшаулау үшін арнайы карантинді палаталар ашылуда. Вирус тараған өңірлерден ұшып келген барлық рейстер ерекше бақылауға алынуда.

    Инфекцияны әкелу мен таратуды ескерту бойынша эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асырудың ведомствоаралық жоспары жасалды. Алматы әуежайының санитарлық-карантиндік пунктімен бірге оқу-жаттығу сабақтары өтті», – деп хабарлады Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

    Оның айтуынша, Қаланың медициналық ұйымдары мен медициналық қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдіктелген ауруларды қабылдауға дайын. Дәрі-дәрмектің қажетті қоры жеткілікті, олардың ішінде парацетамол, ибупрофен, глюкоза ерітіндісі, физоерітінділер, преднизолон, дексаметазон, гепарин, контрика, сонымен қатар антибактериалды және вирусқа қарсы препараттар мен дезинфекциялық заттар бар.

    «Қаланың медмекемелерінде 690 мыңнан астам, ал резервте 1,3 млн бірреттік бетперделер бар. Қаланың дәріханалары дәрілермен және бетперделермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

    Қалалық инфекциялық ауруханада 20 төсектік бокс бөлімі және жансақтау бөлімі ашылған. Егер жағдай күрделенетін болса, онда № 1 ҚКА қосымша 200 төсек, балалардың № 2 ҚКА 20 төсек қосымша дайындалатын болады. Алматыда +7 (727) 382-35-36, 382-33-50 телефондары, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінде 1406 нөмірі бойынша «жедел желілер» ұйымдастырылған», – деп жазды Алматы әкімі.

    ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі өткен пресс-конференция барысында коронавирус Қазақстанға келген жағдайда қолданылуы тиіс барлық шаралардың жоспары дайындалғандығын атап өтті.

    қатысты посттар

    Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

    Фариза

    Алматыдағы карантин: Бекшин қаулыға қол қойды

    Фариза

    “Балалар мен жүкті әйелдерге ғана салынады”. Pfizer вакцинасы туралы не білеміз?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.