-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 8 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    Асқар Мамин елорданың шеткері аймақтарында тұратын азаматтардың мәселелерін шешу барысымен танысты

    Мемлекет басшысының тапсырмасыменҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Астана қаласына жақын маңда орналасқан елді мекендерді аралады. Онда елорданың шеткері аймақтарында тұратын халықтың мәселелерін шешу барысымен танысып, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту үдерісін тексерді.

    Бірқатар тұрғын алабын аралау барысында жергілікті атқарушы органдардың Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау — азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары қаралды. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және медициналық қызметтердің сапасына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жақсартуға, үздіксіз электрмен жабдықтау және көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ сумен жабдықтау мәселелеріне көңіл бөлінді.

    «Пригородный» тұрғын үй кешенін тексеру барысында Астана әкімі Б. Сұлтанов Елорданы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қаланың жекелеген аудандарын орталықпен біріктіретін, сондай-ақ жолаушыларға барар жерлеріне қысқа уақыт ішінде жетуге мүмкіндік беретін жеңіл рельсті көлік жолын салу мәселелері қаралды. Аталған аумақтарды құлату барысы туралы баяндай отырып, бұл шаралар муниципалдық тұрғын үй құрылысына, соның ішінде көп балалы және аса мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталатын аумақтарды кеңейтуге жол ашатыны аталып өтті.

    Тексеру жұмыстары Қабанбай батыр орталық қала магистралінде жалғасты, онда даңғылды кеңейту перспективалары талқыланды.

    Сонымен қатар, А. Мамин Астана қаласы мен Ақмола облысының шекарасында тұратын азаматтардың баспана жағдайларының дамуымен танысты. «Ильинка» тұрғын алабында дәрігер амбулаториясы мен №6 мектеп тексерілді, Премьер-Министр осылардың мысалында елорда маңындағы аудандардың білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің сапасымен танысты.

    Өз кезегінде, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин «Қараөткел» ауылын Астана қаласының теңгеріміне беру үдерісі туралы, Қоянды кентін дамыту және Целиноград ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын іске асыру жөнінде баяндады. Мұнда халықты су деңгейінің көтерілуінен қорғау мақсатында бөгет салу және «Ильинка» кентінен шығыс жаққа қарай орналасқан жеке тұрғын үйге инженерлік желілер жүргізу мәселелері қаралды.

    Іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі — қала төңірегіндегі жол айналмасын тұйықтайтын «Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы» магистральді трассасын салу. Бұл қала арқылы транзитпен өтетін, елорданы айналма жолмен өтетін автокөлік құралдарының ағынын бағыттауға мүмкіндік береді. «ҚазАвтожол» АҚ ақпаратына сәйкес, айналып өтетін жол тегін автомагистраль болмақ.

    Бұдан өзге, «Байқоңыр» ауданындағы «Өндіріс» алабы, атап айтқанда 120 бала білім алатын балабақша – №12 бастауыш мектеп тексерілді. Премьер-Министрге білім беру саласындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Сонымен қатар, жалпы аудан инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде жол-көлік инфрақұрылымын дамыту келешегі, бірқатар көшені кеңейту және инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Елорданың шеткері аймақтарын аралаудың соңында А. Мамин «Қоянды» ауылында тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу барысымен танысты. Елді мекенде медициналық қызметтерді сапалы ұсыну мақсатында 2500 адамға шақталған отбасылық денсаулық сақтау орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында орта мектеп салынып жатыр. Аталған жоба 1200-ға жуық оқушыға білім беруге мүмкіндік береді.

    Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана, Ақмола облыстарының әкімдеріне және тиісті министрліктерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

    қатысты посттар

    Көлік үстіне жартылай жалаңаш шыққан елордалық жігіт жазаланды

    Фариза

    Білім министрлігі имамдарға қытай тілін үйренуді міндеттеді

    «Lux сиськалар» — Алматы көшелерінен жезөкшелерді қуған әкім аялдамадағы жарнаманы көрмей қалды ма?

    Пікір қалдыру

    18 − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.