12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы президенттің көмекшісі болды.

    Тиісті жарлыққа бүгін Қазақстан президенті қол қойды деп хабарлайды Stan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», – делінген жарлық мәтінінде.

    2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың 29 маусымына дейін Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Кейіннен бұл лауазымға оның орнына Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек келді.

    Бұған дейін Мәулен Әшімбаев Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған.

    Әр жылдар ішінде ол аға сарапшы, сектор меңгерушісі, президент әкімшілігінің талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

    Әшімбаев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығының басшысы болды.

    Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

    2012 – 2016 жылдар аралығында Мәулен Әшімбаев парламент мәжілісінің V шақырылымының депутаты болды. 2016 жылдың наурызында VI шақырылымның төменгі палатасының мүшесі болды.

    қатысты посттар

    “Қазір өкпе-ренішті қозғап, дауласатын уақыт емес”, – Біртанов дәрігерлерге үндеу жасады

    Фариза

    Оқушылар демалысқа ерте шығады, студенттер қашықтан оқиды – Үкімет

    Фариза

    “Өздері шешеді” – Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты

    Пікір қалдыру

    nineteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.