-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Феминистер әйел құқығын қорғау үшін емес, өздеріне ұпай жинау үшін шеру өткізді – Абзал Құспан

    8 наурызда Алматыда өткен феминистер шеруі әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін екіге жарды. Белсенділер әйел теңсіздігі мен оның құқықтары жөніндегі мәселені көтергенімен, қолдарына плакат ұстаған топтың басында ЛГБТ өкілдері де жүрді. Айта кетерлігі, шерудің өтуіне Алматы қаласы әкімдігі ресми түрде рұқсат бергені белгілі болды.

    Талай жылдар бойы әйелдер құқығын қорғаумен айналысып жүрген белгілі адвокат Абзал Құспан феминистердің мұндай әрекетін саяси ұпай жинау миссиясымен байланыстырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бұған дейін талай митингтерге рұқсат бермеген Алматы қаласы әкімдігі бұл шеруге қалайша келісім бере қалды? Өйткені бұл Еуропаның, Американың алдында ұпай жинаудың ыңғайлы сәті болды деп есептеймін. Белсенділердің қолындағы транспаранттар, ұрандар, неше түрлі сөздер шектен шығып кеткен. «Әйел өз жатырына өзі иелік ететін уақыт келді» деген жазулар да бар. Сондай мән-мағынасы жоқ ұрандар. Ол жерде әйел құқығына қатысты сөздер саусақпен санарлық. Бұл қолдан ұйымдастырылып отырға саяси лас технологияның бірі деп есептеймін», — деді Абзал Құспан.

    Қорғаушының айтуынша, мұндай митингтер мен шерулер ЛГБТ өкілдерінің оң жамбасына келіп отыр. Өйткені, әйел құқығына қатысты өзекті мәселені ұрандатқан шерушілердің бұдан кейін жақтастары көбеюі мүмкін екен. Алайда адвокат қоғамды мұндай қармаққа ілінбеуге шақырады.

    «Бұл тақырып әлі күнге дейін қазақтілді қоғамның ортасына кіре алмай келеді. Өйткені, қазақы қоғам бұл мәселені күн тәртібіне енгізуге үзілді-кесілді қарсы. Егер бұл мәселені қоғам талқысына тастаған жағдайда, әу дегеннен қарсылық реакциясы туатын еді. Енді қазір бұлар митинг дегенді қолға алады. Оған қала әкімдігі рұқсат береді. Олардың әйел құқығына қатысты ұрандары билікке наразы топтың өкілдеріне ұнай бастайды. Алайда бұл шараның артында лас саяси технология жатыр деп ойлаймын.  Бұл жерде әркім өз ұпайын түгендеп жүр. Яғни, бұл қазақтілді ортаға осы мәселені сынамалап енгізудің осындай бір тәсілі. Олар ана құқығын қорғап жүр деп есептемеймін. Олардың сол митингтерде, шеруде айтқан сөздерін менің қайталауыма датым жетпейді. Мемлекет бұл мәселеге тыйым салсын деп айтпаймын, тек қоғам осы мәселеге «игнор» жасап үйренуі керек», — деді адвокат.

    Феминистер жиі айтатын гендерлік теңдік мәселесіне байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, исламтанушы Хасан Аманқұл пікір білдіріп, дінде (Ислам – авт.) ер мен әйелдің құқығы бірдей екенін айтады.

    «Ислам дінінде әйел затының орны ерекше. Оның ар-намасы, мал-мүлкі, өмірі қорғалуы тиіс. Жетінші ғасырда Ислам діні келгенде әйел заты қорланатын, кемсітілетін, оның ешбір құқығы жоқ еді деп айтуға болады. Ислам діні әйел затының дәрежесін көтерді, оның құқықығын ермен бірдей, ол да адам баласы екенін үйретті. Оның да өмір сүруге, білім алуға, отбасын құруға, бала сүюге, өзі сүйетін ер адамның жұбайы болуға ақысы бар екенін айтты. Тек екеуінің табиғаты, жынысы екі түрлі болғандықтан, шариғат олардың міндеттерін белгіледі. Мысалы, ер адам әйелін, бала-шағасын асырайды, қамқор болады. Ер адам оларды қажетті нәрселермен, яғни тамақпен, дәрі-дәрмекпен, баспанамен қамтамасыз етуі тиіс. Ал әйелді ер адамның көмекшісі деп есептеуге болады. Ол үй ішіндегі жайлылықты жасауы қажет», — деді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл.

    Сонымен қатар, Хасан Аманқұл ислам дінінде ЛГБТ өкілдерінің әрекеті шариғатқа қарсы екенін еске салды.

    «Осыған орай дінімізде ер адам өзіне лайық іс-әрекет, ал әйел заты өзіне тән мінез көрсетуі тиіс. Ислам діні әйелдің ер адамға еліктеуін, оған ұқсауын немесе ер адамның әйелге ұқсауын немесе әйел сипатты болуын құптамайды. Әйел адам көркем мінезді болу керек. Қоғамда олардың құрметі, абыройы болуы тиіс. Соны жоғалтып алмау керек», — деді исламтанушы.

    Ал, психолог Серікгүл Сали жыныстық ауытқуға ұшырағандарды біздің қоғам дәл қазір қабылдауға дайын еместігін айтады.

    «Жалпы, біздің менталитетімізге мұндай ұғым мүлдем сыймайды. Біздің менталитке рухани түсінікке сай келетін тағы бір даму сатысы қосылу керек. Біз қазір сол даму сатысына өтетін табалдырықта тұрмыз. Менің ойымша, соған өткенде біздегі менталитет түсінігі тағы кеңейе түседі. Міне, сол сәтте біз оларды түсіністікпен қабылдаймыз. Себебі, әлем осыған келе жатыр», — деді психолог Серікгүл Сали.

    Сондай-ақ, маман мұндай санаттағы адамдардың аталған бағытқа бұрылып кетуіне себеп болатын негізгі факторды атап өтті.

    «Мұндай адамдардың саны елімізде 5 пайыз. Олар дүниеге сондай статуспен туылмайды. Мәселен бала дүниеге келгенде: мен болашақта ұры болайын демейді ғой. Тек, отбасында ата-ана байқамай, бала тәрбиесінде кейбір қателіктерді жіберіп алады. Сондай олқылықтардың салдарынан олар сондай бағытқа кетіп қалады. Бірақ, ата-ананы айыптауға болмайды. Олар білмегендіктен, сондай қателіктер жібереді. Егер де ата-аналар психологиялық білім алып, балаларының психикасын дұрыс танып білсе, оның тәрбиесінде қателіктер жібермесе, біздің қоғамда ондай адамдар болмайды», — деді психолог маман.

    қатысты посттар

    Құрбан айтта 60 мыңға жуық отбасыға ет таратылды

    Фариза

    Астаналық көп балалы аналар Парламентке басып кірді

    Сириядан 231 Қазақстандық азамат елге оралды

    Пікір қалдыру

    20 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.