4 C
Алматы
Пятница, 18 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Тарих

    ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көпқабатты тұрғынүйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Қала әкімі Шымкент – ТМД елдерінің астанасы аясында қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді тапсырған болатын.

     

    Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аяқталар болса, шаһардағы 79 көпқабатты тұрғынүйдің сырты жаңа келбетке ие болады.

     

    Әкім тапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев баяндады.

     

    «Республика  және Тәуке хан даңғылы бойындағы  шұғыл жөндеуді қажет ететін 43 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарды. Жөндеу жұмыстарын «Отау Строй», «А.Р.Т. Құрылыс», «Канфар Билдинг», «Корпорация Ақ ордасы», «Шымкент строй», «КазМедеоГранд», «БекСтройСервис», «Лидер-НК» және «Югстройсервис-Н» секілді компаниялар жүргізді. Бүгінгі таңда 43 үйдің сыртқы қасбетін жөндеу және витраж орнату жұмыстары толық аяқталды» – деді ол.

     

    Сонымен қатар,  Асар шағын ауданында көпқабатты 30 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу қажеттілігі  анықталған. Бүгінгі таңда 28 үйде жұмыстар толығымен аяқталып, ал қалған екі үйдегі жөндеу  жұмыстарының  90% пайызы атқарылғанын жеткізді.

     

    Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығында алты үйге «А.Р.Т. Құрылыс» компаниясы жөндеу жүргізіп жатыр. 4 үйдің сыртқы қасбеті қалпына келтірілді, қалған 2 үйдің жұмыстары жақын арада бітетін болады.

     

    Осы орайда жөндеу жұмыстары  бизнестің-әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырылып жатқанын айта өту қажет.

    Г. Капал

    қатысты посттар

    Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

    ШЫМКЕНТТЕ 48 КӨПҚАБАТТЫ КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ФАРМ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.