Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында күзгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

    Жамбыл облысында күздік дала жұмыстары қызу жүруде. Келер жылдың өніміне 152,7 мың гектар алқапқа күздік дақылдар егу жоспарланған. Бүгінгі таңда 147,7 мың гектар күздік дақылдар егуге егістік жер дайындалып, жоспар 96,7 пайызға орындалып отыр. Нақты айқанда 118 782 гектар алқапқа күздік бидай себілген, бұл жоспардың 77,8 пайызын құрайды.

    «Сапалы өңделген топырақта ғана дақылдың өсіп, дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады, дейді сала мамандары. Сондықтан астықты молынан өндіру мақсатында байзақтық диқандар сүдігер жыртып, тыңайту жұмыстарын жүргізіп жатыр 2022 жылдың өнімі үшін 231,2 мың гектар сүдігер жыртылып, жоспар 53,6 пайызға орындалып отыр»,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.

    Жалпы, өңірде азық-түлікпен қамту жұмыстары қызу жүруде. ағымдағы жылы жамбылдық диқандар мол өнімге қол жеткізді. Биыл облыс бойынша 378,2 мың гектар дәнді масақты дақылдар орылып, барлығы 465,9 мың тонна дән бастырылды. Сонымен қатар, 269,6 мың тонна картоп, 483,3 мың тонна бақша дақылдары, 1 762,0 мың тонна көкөніс, 129,4 мың тонна дәндік жүгері, 42,2 мың тонна майлы дақыл жиналған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Барлық өнімділік көрсеткіштерінде өткен жылмен салыстырған өсім бар.

    Облыс бойынша қолданыстағы 236 қойманың сыйымдылығы 255 954 тоннаны құрайды. Биыл жалпы сыйымдылығы 13,0 мың тоннаны құрайтын 3 қойма іске қосылса, 74,5 мың тонна өнімді сақтауға қауқарлы 5 қойманың құрылысы жүзеге асуда.
    Жалпы облыста 2 миллион тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдердің өндіріс көлемдері облыстың ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді. Маусымаралық кезеңге қажет ететін көкөніс өнім көлемін облыстағы қоймаларда сақтауға толық мүмкіншілік бар.

    Қазіргі таңда әулиеаталық егіншілер орташа есеппен әр гектардан 28 тонна сәбіз жинауда. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылып, ішкі нарыққа өткерілуде. Қалғаны қоймаларда сақталмақ.

    Бүгінгі таңда сәбіз жинау науқаны жоспарға сәйкес қарқынды жүруде. Былтыр бұл көкөніс облыс бойынша 3500 гектардан астам аумаққа егілсе, биыл оның көлемі 3600 гектарға жуықтады. Жалпы қазір шаруалар 2100 гектардан сәбіз жинап үлгерді. Теру жұмыстары қарашаның ортасына дейін жалғасады. Әр гектардың орташа өнімділігі 28,4 тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 пайызға артып отыр. Жыл қорытындысымен 110,6 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде, бұл облыстың қажеттілігін 4,2 есеге артығымен қамтитын болады, – дейді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

    қатысты посттар

    Басты саланың басым бағыттары

    Шымкенттегі эпидемиологиялық ахуал бақылауда

    Фариза

    Жамбылда жаңа су қоймалары 30 мың гектардан астам алқапты ылғалмен қамтамасыз етеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.