-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Красота и Здоровье

    Дәрігердің екпесінен кейін 12 жастағы қыздың терісі түсіп қалған

    Алматылық зейнеткер дәрігерлердің кесірінен немересінің терісі күлдіреп түсіп қалғанын айтты. Қос зейнеткер дәрігерлердің жазаланғанын қалайды, деп хабарлайды КТКарнасының дерегіне сүйеніп Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Диана қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен соң жағдайы күрт нашарлай бастайды. Тыныс алуы нашарлайды. Терісі сыпырылып түседі. Оған дәрігерлердің салған дәрісі себеп болған. Алайда ақ халаттылар дәрінің аллергия беретінін алдын ала анықтай алмаймыз деп отыр. 

    «Баламыз ауруханаға түскен соң бізді кіргізбей қойды. Өйткені терісі күлдіреп түсе бастаған. Ертесі жансақтау бөлімінде жатыпты. Сол кезде бір-ақ айтты», — деді әжесі Жұмакүл Бекқожаева.

    Диананың шашы мен қасы ғана аман. Терісінің 70 пайызы сыпырылған. Осыдан соң Диананы №2 ауруханаға ауыстырды. 

    «Қазір баламның жағдайы жақсарып қалды. Артур Сатенов деген жігітке рахметімді айтам», — дейді әжесі. 

    Алматы қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева Диананың бастапқыда дәріге аллергиясы болмағанын, дәріге әсері үшінші күні ғана байқалғанын айтты. 

    Жәбірленуші денсаулық сақтау министрілігі мен прокуратураға шағым түсірген. Дәрігерлердің жазаланғанын қалайды. 

    Похожие записи

    Токаев: Борьба с коронавирусом обошлась Казахстану почти в 6 трлн тенге

    Фариза

    Любопытное исследование: ученые назвали не очевидную причину, которая ведет к набору веса

    Фариза

    Кардиолог назвал три продукта для здоровья сердца

    Фариза

    Оставить комментарий

    6 − пять =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.