-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ревакцинациядан алғаш болып кімдер өтеді?

    Қазақстанда, сол сияқты елордада COVID-19-ға қарсы ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады. №15 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Сыздықова бустерлік вакцинаны бірінші болып азаматтардың қандай санаттары алатынын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация КВИ-мен күресте иммунитетті нығайту үшін жүргізіледі. Оны бірінші кезекте ауруға бейім азаматтар санаты алатын болады.

    «Бірінші кезекте КВИ-ден алғашқы болып екпе алғандар – медицина қызметкерлері, педагогтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері вакцинамен қайта егіледі. Әрине, бәрі ерікті негізде. Сондай-ақ, бірінші кезектегі ревакцинациядан созылмалы аурулары бар адамдар, қарт адамдар өткені абзал, өйткені олар тәуекел тобына кіреді», — деп түсіндірді Гүлнар Сыздықова.

    Айта кету керек, ревакцинация мерзімі КВИ вакцинасының екі дозасын алған сәттен бастап 6 айдан 9 айға дейін өзгереді. Дәрігерлер сонымен қатар кросс-вакцинацияны, басқаша айтқанда, вакцинаның басқа түрін егуді ұсынады.

    «Спутник V» алғаннан кейін ревакцинацияны 9 айдан кейін жүргізу керек, өйткені бұл – векторлық, күшейтілген вакцина. Отандық «QazVac» пен қытайлық «Vero Cell» – 6 айдан соң», — деп нақтылады дәрігер.

    қатысты посттар

    Арыстықтар көптен күткен 100 мың теңгеге қол жеткізді (фото)

    Алматыда жарықтың неліктен өшіп қалғаны белгілі болды

    «Ифтар» емес ауызашар дегеннің не ыңғайсыздығы бар?

    Пікір қалдыру

    eight + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.