11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ревакцинациядан алғаш болып кімдер өтеді?

    Қазақстанда, сол сияқты елордада COVID-19-ға қарсы ревакцинация қарашаның екінші жартысында басталады. №15 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Сыздықова бустерлік вакцинаны бірінші болып азаматтардың қандай санаттары алатынын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация КВИ-мен күресте иммунитетті нығайту үшін жүргізіледі. Оны бірінші кезекте ауруға бейім азаматтар санаты алатын болады.

    «Бірінші кезекте КВИ-ден алғашқы болып екпе алғандар – медицина қызметкерлері, педагогтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері вакцинамен қайта егіледі. Әрине, бәрі ерікті негізде. Сондай-ақ, бірінші кезектегі ревакцинациядан созылмалы аурулары бар адамдар, қарт адамдар өткені абзал, өйткені олар тәуекел тобына кіреді», – деп түсіндірді Гүлнар Сыздықова.

    Айта кету керек, ревакцинация мерзімі КВИ вакцинасының екі дозасын алған сәттен бастап 6 айдан 9 айға дейін өзгереді. Дәрігерлер сонымен қатар кросс-вакцинацияны, басқаша айтқанда, вакцинаның басқа түрін егуді ұсынады.

    «Спутник V» алғаннан кейін ревакцинацияны 9 айдан кейін жүргізу керек, өйткені бұл – векторлық, күшейтілген вакцина. Отандық «QazVac» пен қытайлық «Vero Cell» – 6 айдан соң», – деп нақтылады дәрігер.

    қатысты посттар

    Қазақстанда жылу бағасы қымбаттады

    Фариза

    Желіде үйқамақта отырған Елжан Біртановтың фотосуреті тарады

    Фариза

    ШҚО-да ауыл мектебіне директор болған адамға 100 мың доллар беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.