-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    Елімізде дүкендер мен сауда орындарында маскасыз жүруге тыйым салынды

    Қазақстандағы сауда және интеграция министрлігінің басшысы премьер-министрмен өткен мәжілістен кейін журналистерге арналған онлайн-брифинг ұйымдастырды. Бақыт Сұлтанов коронавирусқа байланысты елдегі дүкендер үшін жаңа ережелерді атады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Министр Қазақстанда дүкендер, азық-түлік базарлары мен супермаркеттердің шектеусіз жұмыс істейтінін, алайда төтенше режимге байланысты ол жерлерде жаңа ережелер пайда болғанын еске салды.

    Барлық сауда нысандары енді кеңістікті залалсыздандыруға міндетті. Бұл соның ішінде денсаулық сақтау министрлігінің де талабы.

    Сауда нүктелерінің иелері мен басшылары өз жұмыстарын кезек пайда болмайтындай етіп ұйымдастыруы қажет.

    Ал егер кезекті болдырмау мүмкін емес болса, адамдар бір-бірінен 1 метрге алыс тұруы тиіс.

    Бұл жақын қарым-қатынасты болдырмауға көмектеседі және инфекциялардың таралу қаупін төмендетеді.

    Ірі сауда үйлері мен орталықтары үшін келушілерде маскалардың болуы міндетті болып табылады. Егер клиентте маскалар болмаса, сауда үйі немесе СОО-да азаматқа оны тегін беруі тиіс.

    Сондай-ақ келушілерге коронавирустың алдын алу және осыған байланысты қоғамдағы тәртіп ережелері туралы буклеттер таратуы қажет.

     

     

     

    Ірі сауда нысандарының барлық кіре берістерінде дене қызуын өлшейтін құрылғы болуы тиіс.

    Естеріңізге сала кетейік, ТЖ-ға байланысты Алматы әуежайының қазір қандай жағдайда тұрғанын жазған едік.

    қатысты посттар

    COVID-19: Ұстаздар кәсіподағы қазақстандықтарға 47 млн теңгеге көмек көрсетті

    Фариза

    Ток өшуіне қарғаны кінәлаған әкім Қазнетте мемге айналды

    Фариза

    «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдерді Ұзарту ұсынылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.