12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті

    Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

    “Бүгін мен Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі өкілеттігімді тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-қайырымдылық шараларға толықтай жұмылу туралы шешім қабылдадым.

    Nur Otan партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, маған сенім артқан партияластарыма, ел басшылығына алғыс айтамын”, – деді Дариға Назарбаева.

    Ол қайғылы қаңтар оқиғасы туралы айта келе, ел мүддесіне қызмет ететінін, ол үшін лауазым қажет емес екенін айтты.

    “Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағын паш етуіміз керек. Мен еліме, оның мүддесіне қызмет ете беремін. Ал бұл үшін лауазым қажет емес”, – деді депутат Дариға Назарбаева.

    қатысты посттар

    Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

    Фариза

    Сапарбаев: Тұрмысы төмен отбасылар көмекті ақшалай емес, тауар ретінде алады

    Фариза

    “Жаңа Конституция керек”. Түрмеден шыққан Макс Боқаев алаңда билікке талабын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.