23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Нұр-Сұлтан мен Шымкентте полиция “митинг өтетін орында” адамдарды ұстауда (фото, видео)

    21 қыркүйекте түскі 13.40 шамасында Шымкентте полиция Ордабасы алаңына жақын саябақта жүрген бірнеше адамды ұстап әкетті деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    “Не үшін ұстап жатырсыз?” деген сұраққа полиция жауап бермеді. Ұсталғандар арасында кәмелетке толмаған бір бала болған. Оның анасы саябақта елде “Қытай зауыттарының салынуына” қарсылық танытып, пікірін айтқан. Полиция саябақ жанындағы аялдамада отырған адамдарды да отырғызды.

    Полиция азаматтарды ұстап, автобусқа отырғызып жатыр. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.
    Полиция азаматтарды ұстап, автобусқа отырғызып жатыр. Нұр-Сұлтан, 21 қыркүйек 2019 жыл.

    Нұр-Сұлтанда да полиция “митинг белгіленген аумақ” – Есіл сауда үйінің алдында ондаған адамды ұстады. Наразы азаматтар “саяси тұтқындарға бостандық!”, “Шал дұшпан!” деп айқайлады.

    Тікелей эфирді көріңіз:

    Сәлден соң оқиға орнына келген Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің өкілі мұнда бүгін митинг өткізу жайлы ешкімнен өтініш түспегенін, митингінің заңсыз екенін ескертіп, жұртқа тарауын сұрады.

    Ал жиналғандардың бірі Азаттыққа “4 қыркүйекте әкімдікке мұнда бейбіт жиын өткізу туралы өтініш бергенін, екі апта өтсе де жауап алмағанын” айтты.

    “Бір жыл бұрын өтініш берсең де қарамайтын сияқты” деді ол.

    Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Есіл сауда үйі орналасқан Республика даңғылының екі жағын полиция жауып тастаған. Тек қоғамдық көліктер ғана жүріп жатыр.

    Түскі сағат 14.30 шамасында полицияның Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді де ұстағаны белгілі болды. Тілшінің қолында редакция тапсырмасы, “Пресса” деген жазуы бар киім болған. Бірақ соған қарамастан полиция оны ұстап, автобусқа отырғызды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев “егер журналист болса, босатады” деп жауап берді. Сәлден соң полиция Сәния Тойкенді босатты.

    қатысты посттар

    Сапарбаев жалақысын жариялаудан бас тартты

    Фариза

    Трамптың Назарбаевқа жазған хаты жарық көрді (фото)

    Етті шетелге сата бермей, алдымен өз нарығымызды қамтиық – Дариға Назарбаева

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.