35 C
Алматы
Дүйсенбі, 4 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат Фотосурет Экономика

    Тоқаев: Мен алтын ғасырдың президенті болдым

    Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының президенті ретінде Ресей Федерациясына жасаған алғашқы сапарының символдық мәнін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ерекше сипатын айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    – Мәскеуге ресми сапармен келуге шақырған Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге, сондай-ақ қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін ресейлік достарымызға ризашылық білдіремін. Бұл сапар екі тараптың да одақтастықты одан әрі дамытып, Қазақстан мен Ресей халықтарының достық байланыстарын нығайтуға ұмтылатынын көрсетті, – деді мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтату туралы шешімі жөнінде айтты және бұл қадам Қазақстанның келешегі үшін жасалған саяси даналық пен үлкен жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті.

    Тоқаев

    ⒸАқорда

    – Бұл тарихи оқиға әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге зор құрметпен қарауына түрткі болды. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының ыстық ықыласына бөленіп, қолдауына ие болып отыр. Ол Елбасы мәртебесінде Қауіпсіздік Кеңесінің және Nur Otan басқарушы партиясының төрағасы лауазымындағы өзінің ауқымды қызметін атқара береді, – деді Қазақстан президенті.

    Мемлекет басшысы өзінің Президент ретіндегі қызметі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың «алтын ғасырында» басталғанын атап өтіп, Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің жан-жақты диалогын нығайту жөніндегі стратегиялық бағдарды жалғастыруға және бұған дейінгі қол жеткізілген уағдаластықтардың сабақтастығын қамтамасыз етуге зор ниеттестік білдіретінін айтты.

    “Мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының алтын ғасырында президент лауазымына кірістім.Менің алғашқы ресми сапарымның терең символдық мәні бар, ол біздің елдеріміздің қарым-қатынасы ерекше мәртебеге ие екенін білдіреді”,- деді Тоқаев.

    Похожие записи

    Шымкентте көлік қозғалысын реттеген оқушы желіде жұлдыз болды (видео)

    Фариза

    Қыздарымыз үшін қорқамыз – ауған қазақтарының үндеуі

    Фариза

    Сотталған әр азаматқа мемлекеттен айына 93мың теңге бөлінеді. Қылмыскердің өмірі қарапайым 42мың алатын халықтың өмірінен артық болғаны ма?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.