5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Үш жыл бойы зорлаған: Түркістанда 8 жасар қыздың өгей әкесі 22 жылға сотталуы мүмкін

    Түркістан облысында 8 жасар қыздың зорлануына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында жантүршігерлік жаңа мәліметтер анықталды. Белгілі болғандай, өгей әке қызына үш жыл бойы тиісіп қана қоймай, осынша уақыт зорлап келген. Бұл туралы Түркістан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында өткен сот отырысында белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушы азғын әкеге 22 жыл жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Отырарға» сілтеме жасап.

    «Айыптау қорытындысына сәйкес, айыпталушы кішкентай қызын 2019 жылдың Жаңа жылынан бастап зорлап келген. Яғни, алғашқы зорлық Жаңа жыл күні болған. Сөйтіп кішкентай қыз үш жыл бойына зорлық көріп келген. Прокурор оны ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша кінәлі деп тауып, жиынтығы 22 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады», – деді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі төрағасының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Мадалиев.

    Еске салсақ, Түркістан облысы Шұбарсу ауылында өгей әкесі 8 жасар өгей қызын зорлап, артынша қызды қансыраған күйде мектепке жіберген. Жантүршігерлік зорлық-зомбылықтан кейін қыз балаға екі рет ота жасалып, ақыр соңында оның жатыры алынып тасталды.

    Атышулы іс бойынша үкім келесі аптада белгілі болады.

    қатысты посттар

    11 мамырдан бастап мешіттер ашылады. Қандай ережелерді мұқият сақтау керек?

    Фариза

    Қызылорда маңындағы қамыс арасынан маугли-бала табылды (видео)

    Фариза

    Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.