3.8 C
Алматы
Суббота, 7 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Новости

    ШЫМКЕНТ: БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

    Абай ауданының әкімі Б. Парманов Көкбұлақ т.а Бадам өзені жағалауына тасталған құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс қалдықтарын тазалау және ретке келтіру жұмыстарымен танысып, жауапты мамандарға тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

    Тазалау жұмыстарына 2 ауыр жүк көтергіш техника мен 5 ауыр жүк көлігі жұмылдырылды. Тазаланған күл-қоқыстар арнайы қоқыс полигонына төгілді. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар Қызылжар, Игілік, Жаңаталап және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында жүргізілмек.

    Бадам өзенінің жағалауындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі Б.Пармановтың тікелей бақылауында болады. Осы орайда, жауапты мамандар тұрғындарға белгіленбеген орындарда қоқыстарды тастау ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді.

    Ф.Жандар

    Похожие записи

    Троих мужчин осудили за групповое изнасилование

    Фариза

    Телевидение и радио в Казахстане не будут работать 20 октября

    Фариза

    Гражданка России погибла в ходе протестов в Жамбылской области Казахстана

    Фариза