-7.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Регионы

    Президент тапсырмасы: Қызылорда облысында дәрілік заттардың бағасын заңсыз өсіру фактілері анықталды

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатып
    сатқандарды анықтау және жауапқа тарту туралы тапсырмасына орай, Қызылорда облысы
    прокурорының өкімімен мобильді топ құрылып, алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
    Өңірлік мобильдік топ құрамында Экономикалық тергеу, Полиция, Тауарлар мен
    көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау және Мемлекеттік кірістер департаменті
    өкілдері бар.

    Соңғы бір апта уақыт шамасында мобильдік топ дәріханаларда дәрі-дәрмектерді
    шекті бағасынан асырып сатудың және жеке тұлғалармен дәрілік заттарды сатудың 24
    фактісін анықтады.

    Оның ішінде дәрілік заттарды шекті бағасынан өсіріп сатқан 10 дәріхана
    анықталды.

    Облыс орталығындағы дәріхананың бірінде шекті бағасы 62 теңге болатын
    «Аспирин» дәрісін 150 теңгеден сатса, Жаңақорған кентіндегі дәріханада шекті бағасы
    4041 теңге болатын «Азитро» дәрісі 4200 теңгеден сатылған.

    Осындай фактілер Шиелі, Қазалы және Арал ауданында да тіркелді.
    Сонымен қатар, облыс көлемінде 7 дәріханада мемлекеттік кірістер органдарында
    тіркелген бақылау-кассалық машинасының орнатылмағаны анықталды.

    «Бақылау-кассалық машинасынан шығарылатын чекте сатылған препараттың
    бағасы көрсетіледі. Егер чекте көрсетілген бағаға күмәніңіз болған жағдайда «Darikz.
    мобильді қосымшасы арқылы салыстырып, анықтауға мүмкіндігіңіз бар. Сол себепті
    тұрғындар дәрі сатып алған уақытта міндетті түрде чек беруін талап етуі керек», –
    делінген хабарламада.

    Жоғарыда аталған дәріханалардың иелеріне Мемелекеттік кірістер органдарымен
    заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы хабарлама таратылуда.
    Қызылорда облысының тұрғындары дәрі-дәрмек бағасына күмән келтірген
    жағдайда прокуратураға 8(7242)26-20-06 (WhatsApp үшін +77072815930) нөмеріне немесе
    102 хабарласуына болады.

    Айта кетейік, Қызылорда облыстық прокуратурасымен құрылған мобильдік
    топтың жұмысы жалғасады.

    Похожие записи

    ШЫМКЕНТ: НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ РЕСПУБЛИКАНСКИХ ОЛИМПИАД

    Фариза

    Кызылорда: Продолжается выдача субсидии для развития сельского хозяйства

    Фариза

    Гульшара Абдыкаликова ознакомилась с ходом работ по подготовке к отопительному сезону

    Фариза

    Оставить комментарий

    один × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.