-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Общество

    Әлнұр Ильяшев: «Алматыда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді»

    Белсенді Әлнұр Ильяшев өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде Алматыда бейбіт митинг өткізуге бірнеше рет талпыныс жасап, ақыр соңында рұқсат алғанын жариялады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz порталының дерегіне сүйеніп.

    Митингке қатысты Алматы қаласының әкімдігі арнайы қаулы шығарды. 

    Бейбіт митинг

    Бейбіт митинг 30 маусым 2019 жылы, «Сары Арқа» кинотеатрының артында өтеді. Митингті сағат 10.00-ден 12:00-ге дейінгі аралықта өткізуге рұқсат етілген. 

    «Өзіміз жасаған бірқатар жұмыстан кейін ғана біз бейбіт митинг өткізуге рұқсат алдық. Енді азаматтардың митинг өткізу құқығын негізді қылу үшін бейбіт шеруді дұрыс ұйымдастырып өткізу керек», — деп жазды Альнур Ильяшев.

    Ильяшев Алматы қаласының әкімдігінде бейбіт жиын өткізу үшін 36-шы өтінішін қалдырған. Ал 20 маусымда рұқсатсыз митингке қатысқаны үшін өзін 10 күнге қамауға алу туралы талаппен полиция бөліміне келеді. Ол әкімдікке өтініш қалдырып, бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұраған болатын. Полиция департаменті белсендінің бұл өтінішіне 15 күннің ішінде жауап беретінін айтқан.

    «Полиция департаментінің штаб басшысы Халил Бабалиев менің арызымды оқыды, көзін алартып, бұның маған не үшін керек екенін сұрады. Мен біздің елімізде конституциялық құқықтарды іске асыруға мүмкіндік бермейтін келеңсіз жағдайлар бар екенін айттым. Ол менің өтінішіме 15 күннің ішінде жауап беретінін айтты», — деді белсенді. 

    Похожие записи

    Михаил Ефремов пытался покончить с собой — СМИ

    Фариза

    Ернар Айдар отрицает свою вину: «Меня обманули»

    Фариза

    Михаэль Шумахер очнулся после многолетней комы

    Фариза

    Оставить комментарий

    20 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.