-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Происшествия

    «Әрбір адамның өмірі қымбат еді бізге…»

    «Бекерден бекер оқ-дәрінің қасында адам тұрмайды ғой. Осының өзін дұрыстап анықтау керек. Бұл жолы қандай қателік кетті?». Бұрынғы қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәт ТОҚПАҚБАЕВ Арыс қаласында болған жарылысқа қатысты пікір білдірді деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Жас АЛАШ»  сайтының дерегіне сүйеніп.

    «Осы оқиғағаның ортасында жүрмегеннен кейін пікір айтудың өзі бізге қиын. Жарылыстың неден болғанын, нақты себебін білмеймін. Бір уақыттарда Арыста  2 рет жарылыс болғаны рас. Бұл үлкен арсенал. Енді, алдағы уақытта тағы да бір жарылыс болмас үшін комиссия тексеру керек. Бұл жолы қандай қателік кетіп отыр? Соны анықтаса дұрыс болар еді.
    Өкінішке орай екі адам өмірден озды. Жақындарына «Мықты болсын» дегім келеді. Қайғырып көңіл айтамын. Қателік кетті. Әрбір адамның өмірі қымбат еді бізге. Алдағы уақытта бұл жағдай қайталанбауы керек. Ал, тұрғындарға қатысты айтар болсам, Арыста баяғы заманнан арсенал бар.  Бәлкім, ұзақ уақыттан бері жарылмаған қойма тұрғындар үшін қауіпсіз болып көрінген болар. Айналасында неліктен халық тұрып жатыр? Осының өзін дұрыстап анықтау керек деп ойлаймын. Бекерден бекер оқ-дәрінің қасында адам тұрмайды ғой. 

    Мен қызмет істеген уақытта жиі қадағалайтынбыз. Тазалау жұмыстарын жасап дегендей. Тазалау жұмыстары ұзақ уақыт жасалмаса да оқ-дәрі жарылуға жақын болады. Әйтеуір, бір себеп болды ғой. Қарауы тиіс адамдар қарамады ма? Кім білсін?»

    2009 жылы Арыстағы «ҚазАрсеналда» осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде үш адам қаза тауып, 17 адам ауруханаға түскен. Мәжілісте депутат, отставкадағы генерал-майор Ержан ИСАҚҰЛОВ Арыс қаласы маңындағы әскери бөлімдерде Ауған соғысынан қалған миллиондаған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің барын айтып, бұндай таргедияның қайталануы ықтимал деген еді. Өкінішке қарай экс-депутаттың айтқаны дәл келді. 

    24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Арыстағы Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан оқ-дәрі жарылған. 

    Қалада төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілген. Қазір Арыстықтарға кәсіпкерлер, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі азаматтар жаппай «Арыспен біргеміз!» акциясын ұйымдастырып, көмек қолын созуда.

    Похожие записи

    Сбивший насмерть человека капитан полиции сбежал с места ДТП в Уральске

    Кровля многоквартирного дома горела в Алматы

    Фариза

    Тонну наркотиков нашли у жителя Туркестанской области

    Фариза

    1 комментарий

    Misha 03/07/2019 at 22:39

    Суретшілерге адамдарды тек тыныш т?р?ан кезде ?ана емес, ?имыл-?оз?алыста да бейнелеуге тура келеді. Леонардо да Винчиді? ?зі де оларды? жан д?ниесінде де болып жататын к??іл к?йді? ?аншалы?ты алуан т?рлі болатыны сия?ты адамдарды? ?имыл-?оз?алыстары да соншалы?ты алуан т?рлі деп атап к?рсеткен болатын. Адамны? к?зге к?ріне бермейтін алуан т?рлі ?имыл-?оз?алыстарыны? б?ріні? ішінен мейлінше жиі мейлінше к?нделікті ?мірде кездесетін ж?не локомоторлы? ?имыл-?оз?алыстар деген ат?а ие бол?ан негізгі тобын б?ліп алу?а болады. Адам денесіні? м?ндай ?имыл-?оз?алыстарына ж?ру, ж?гіру, секіру ж?не та?ы бас?а бір?атар ?имыл-?оз?алыстар жатады. М?ндай жа?дайларда суретшіні? міндеті к?рерменге ?з ?иялында ?имыл-?оз?алысты? ?ал?ан барлы? фазаларын елестетуге м?мкіндік беретін е? ?рымтал с?тті бере білу. Денені? еш уа?ыта жерден толы? б?лінбей, кез-келген с?тте о?ан не бір ая?ымен, не екі ая?ымен с?йену ж?руді? негізгі ерекшелігі болып табылады. Ж?ру адамны? аздап ал?а е?кейіп, оны? ауырлы? центрі тірек ала?ыны? ше?берінен шы?удань басталады. ??ламау ?шін адам бір ая?ын ал?а созып, жа?а тірек жасайды. ?адам осылай жасалады. Ж?ріс кезінде ая? пен ?олды? ?йлесімді?имылы болып отырады. о? ая? ал?а созыл?анда сол ?ол керісінше кетеді. Ж?рісті? алуан т?рлі фазалары кезінде белгілі бір б?лшы? еттер жиырылып отырады. Ая?тарды? аа?а ?арай ?имыл-?оз?алысы кезінде санны? алды??ы жа?ында?ы б?лшы? еттер жиырылады.

    Ответить

    Оставить комментарий

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.