Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Политика

    «Мәсімовті отставкаға жіберу үшін, оған тең қызмет іздеу керек» — саясаткер

    Белгілі саясаткер Данияр Әшімбаев президент сайлауынан кейінгі кадрлық ауыс-түйіс барысында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің неліктен орнында қалғаны туралы сұраққа жауап берді. Оның пікірінше, Мәсімовтің басшылығындағы комитет бірнеше жылдың ішінде үлкен өкілеттілікке қол жеткізген.

    Әшімбаевтың «ИАЦ» басылымына берген сұхбатында журналист еліміздегі кадрлық тағайындауларды сөз етіп, ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің орнында қалуына қатысты пікірін сұрады, деп жазадыQazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталының дерегіне сүйеніп. 

    «Мәсімовтің екінші президентпен қарым-қатынасы онша емес екені туралы әңгімелер көп айтылады. Алайда ҰҚК басшысы тұлға ретінде, арнайы қызметтің басшысы ретінде биліктің транзитін қамтамасыз етуде негізгі тұлға болып табылады. Комитет Мәсімов басқарған бірнеше жылда үлкен өкілеттілікке қол жеткізді.

    Мәсімовті отставкаға жіберу үшін, реніш болмайтындай, оған тең қызмет іздеуі керек. Сонымен қатар оны қызметінде алмастыра алатын тұлға болуы қажет. Тоқаев әзірге оның екеуін де жасай алмайтын сияқты. Алайда мұндай қадам қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды», — дейді саясаткер. 

    Сонымен қатар Әшімбаев таяуда «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің ҰҚК құрамына еніп, оны нығайта түскенін атап өтті. 

    Похожие записи

    Детям разрешат участвовать в мирных митингах — Абаев

    Фариза

    «Блицкриг не состоялся». Путин высказался о западных санкциях и событиях в Буче 

    Фариза

    Касым-Жомарт Токаев поздравил Ибрахима Раиси с избранием на пост Президента Ирана

    Фариза

    Оставить комментарий

    9 + четыре =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.