1 C
Алматы
Четверг, 7 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Красота и Здоровье

    Ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады

    Австралияның ұлттық университетінің ғалымдары фастфудтың тағы бір қаупін анықтады. Көпшілік сүйіп жейтін бургерлердің миға кері әсерін тигізетіні дәлелденді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп.

    Зерттеуге 7 мың адам қатысқан. Нәтижесінде қазіргі кезде адамдардың 1970 жылдарға қарағанда, тамақпен бірге әлдеқайда көп калория алатыны анықталды. Демек, ағзамыз көп мөлшердегі тамақты қажет етпейді.

    Гамбургер, фри картобы мен газдалған сусынның жалпы калориялық құндылығы – 650 килокалория. Мамандар мұндай мөлшердегі калория осыдан жарты ғасыр бұрын бір күнге жеткенін айтады.

    Ал калория мөлшері тым көп болса, артық салмақ қосумен қатар мидың жұмысы да бұзылады.

    «Қазір адамдар мидың қызметін өздері нашарлатып жүр. Өйткені ағза үшін зиянды диеталарды ұстанады, сондай-ақ, спортқа айтарлықтай көңіл бөлмейді «, — деп алаңдаушылық білдірді жаңа зерттеу авторы Николас Шербуин.

    Ұзақ уақыт бойы дұрыс тамақтанбай, спортпен шұғылданбаған адамның диабеттің II типіне шалдығу қаупі артады. Сондай-ақ ғалым мидың жұмысы нашарлап, деменция пайда болатынын айтады.

    Зерттеу кезінде әлемдегі ересектердің 30%-інде артық салмақ бар екені анықталған. 2030 жылға дейін ересектердің 10 проценттен астамы диабеттің II түріне шалдығуы мүмкін.

    «Өйткені диабеттің II типі мен ми жұмысының нашарлауы арасындағы байланыс дәлелденген», — деді қартаю проблемаларымен айналысатын профессор.

    Дәрігерлер фастфудтан бас тартып, ерте жастан спортпен шұғылдануға кеңес берді.

    Похожие записи

    Названы опасные при коронавирусе лекарства

    Фариза

    Как сохранить здоровье глаз – советы врача

    Фариза

    Какими были бы знаменитости, если бы у них не было денег

    Оставить комментарий

    5 × пять =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.