Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ орнынан кетуі ықтимал. Бүгін мәжіліс мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВАНЫҢ кандидатурасын мақұлдады.
Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан ҚОЙШЫБАЕВ таныстырды. Депутаттар Ақтотты РАХМЕТОЛЛАҚЫЗЫНЫҢ кандидатурасын қолдаған.
Мәдениет және спорт министрлігін 2014 жылдан бері Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ басқарып келді. Мәдениет министрілігі тарихында аты ең көп шыққан министр осы – Мұхамедиұлы.
2016 жылы министрді бірнеше азамат жыныстық бопсалау мен жемқорлыққа қатысты айыпталған. Қазақстан халық әртісі Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ түсірмек болған «Феникс» филімінің айналасындағы дау-дамайда да министрдің аты аталған еді.
Ақтоты Райымқұлова Мәдение және спорт министрлігіінң жұмысын жақсы біледі. Осы ведомстваның басшылығында вице-министр болып 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді.