-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Происшествия

    «Сотталатын адамға ұқсамайды…» Үш баланың анасын зорлаған имамның дауы әлі жалғасуда

    Үстіміздегі жылдың 26-сәуір күні Алматы облысы Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы ауылында айтып жеткізуге келмейтін сұмдық оқиға орын алған болатын, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz порталының дерегіне сүйеніп.

    Ауыл молдасы Қадір Әмбиеұлы өзінің отбасылық досы, дін жолындағы жамағаты Есхат Әйнекбекұлының әйелі, үш баланың анасы Нұрғиза Азатханқызына зорлық-зомбылық қылып, зина жасаған болатын. Ардың ауырлығын көтере алмай, бес уақыт намаз оқитын марқұм Нұрғиза Азатханқызы өз-өзіне қол салған. Есхат Әйнебекұлы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетке видео арқылы ашық хат жолдаған. Ол әйелінің өліміне себепкер болған Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылының молдасын жазаға тартуын сұраған.

    Қазіргі уақытта Қадір Әмбиеұлына қатысты тергеу ісі Талдықорған қалалық ІІД-де жүріп жатыр. Есхат Әйнекбекұлы:

    «Қазір іс қозғалып жатыр. Қалалық ІІД қызметкері Нұрмұханов Мұрат Жәлелұлы өз қолына алып, істі толық зерттеп жатыр. Осы кезде сараптама жүріп жатыр деп отыр. Қай кезде бітері белгісіз. Бір жарым айдың ішінде біраз бардым. Таудан ауылға түскен күні міндетті түрде кіріп-шығамын, әйтеуір. Жақын арада шешілсе дұрыс болар еді. Кеше ғана марқұм жарымның қырқын бердім»,- деді тілшісіне берген сұхбатында.

    Балаларының жағдайы жайлы сұрағанымызда:

    «Балалар қазір жазғы демалысқа шықты. Қарындасым қарайтын болар деп ойлап едім. Жағдайы келмейтін болып тұр. Жеңгеме тапсырайын десем, ол кісі де ауырып жүр. Жақында ғана Қытайдан әке-шешем келіп кетті. Бірақ олардан не пайда? Шекараның кесірінен артқа қайтуға мәжбүр болды. Балаларымды өзіммен тауға алып кетуден басқа амал жоқ»,- дейді.

    Өзінің досы, ұйып намаз оқыған молдасы, қазіргі жек көретін адамы болып кеткен Қадір Әмбиеұлына қатысты:

    «Жүр ғой ол осы маңда. Күндіз тергеуде болады, кешкісін қайтадан қайтады. Сотталатын адамға мүлде ұқсамайды.»,- деп ашынады Нұрғиза Азатханқызының күйеуі.

    Қайнарлы ауылының тұрғындарының басым көпшілігі Қытайдан қоныс аударған. 2010 жылдан бастап екі-үш отбасы болып, шекарадан өтіп отырған. Қара жамылған әулетте шекараны 2015 жылы басып өткен.

    Іске қатысты Талдықорған қалалық ІІД-іне хат жолданды. Шариғат үкімін білу үшін ҚМДБ-ның жауабын алдағы уақытта аламыз. Хаттың жауабы келісімен бірден өздеріңізбен бөлісеміз.

    Похожие записи

    Полицейский Алматы погиб в аварии

    Фариза

    Педофил оказался серийным убийцей: Жуткие подробности смерти семилетней девочки

    Срочное обращение: Идут судебные процессы над задержанными с нарушением стандартов

    Оставить комментарий

    5 × пять =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.