ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновмұғалімдер мен білім саласының ардагерлерін кәсібимерекесімен құттықтады. Жас ұрпақты білім нәріменсусындатып жүрген ұстаздардың қоғамдағы орны ерекшеекенін атап өткен қала басшысы қазіргі пандемияғақарамастан балаларға үздіксіз білім беріп жатқандықтарыүшін алғысын білдірді. «Бүгінде мемлекет білім беру жүйесінің халықаралықстандарттарға сай болу мәселесіне баса назар аударып отыр. Мәселен, Қазақстанда жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес, қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызғаөседі. Сонымен қоса «Педагог мәртебесі туралы» арнайызаң қабылданды. Бұл Сіздерден тұрақты түрде ізденуді, біліктілікті жетілдіре түсуді талап етеді. Бұған кәсібиміндет деп қана емес, азаматтық борыш деп қараудысұраймын»,-деді қала әкімі. Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов қалада алдағы үш жылда 47 мектеп салынатынын мәлім етті. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 26 мыңнан астаммұғалім бар. Қыркүйек айының қорытындысы бойыншаШымкент қаласы республикадағы мектептер арасында«Bilim Iand және Onlinemektep.org» интернет — платформасында қашықтан оқытуда екінші орында тұр. Ал ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электрондыжурналдар ақпараттық жүйесінде үздік үштіктің қатарында. Г. ҚАПАЛ...