19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Басқарма басшысы ардагер журналистерді арнайы барып құттықтады

    Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева қаламыздағыардагер журналистерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, өзінің жылы лебізімен ақылыдариядай қариялардың жүрегін жылытты. 

    Басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы қарт қаламгерлергеқажырлы еңбегі үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке тіледі. Журналистика саласындаерен еңбектерімен еліміздің өркендеуіне өз үлестерінқосқан, қазір де сол салада жастарға ақыл-кеңестерін айтып, бағыт-бағдар көрсетіп жүрген өз ісінің шеберлері бүгінгіыстық ықыласқа дән риза болды. 

    Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 80 783 зейнеткер бар. Олардың ішінде 26-ы Ұлы Отан соғысыныңардагерлері, 4 мыңға жуығы тыл еңбеккерлері болса, 10 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, яғни, көп балалы аналар болып есепке алынған. Қазыналықария кісілердің ішінде 100 жастан асқан 13 ата-әжеміз бар.

    Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдеркөлемі жыл сайын көтерілуде және жергілікті бюджет қаржысы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдауларұйымдастырылып келеді. Мәселен осы жылы 80 жастанасқан 123 адамға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал 10 мыңнан астам көп балалы аналарға 14 мың теңгекөлемінде әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, ҰлыЖеңістің 75 жылдығына орай 40 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы 360 айлық есептік көрсеткішмөлшерінде көмек берілді. Ардагерлерді сауықтырумәселелеріне де ерекше мән беріледі. Осы жылы қаладағы8438 ардагер санаторлы-курорттық емделуге жолдама алды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте сыбайлас жемқорлық фактісі азаймай тұр

    Фариза

    ШЫМКЕНТТІК ҮШ ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

    Фариза

    Сыр елінде 4 мемлекеттік, 2 жеке мектептің құрылысы жүруде

    Фариза