-1.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Отбасы

    Қазақстанда «әке квотсын» енгізу ұсынылды.

    Бұл үшін сарапшылар арнайы «әке квотасын» енгізуді ұсынып отыр.

    Қазақстанда «әке квотсын» енгізу ұсынылды. Ол – әкелер ғана пайдалана алатын декреттік демалыс. Сарапшылардың жазуынша, бұл әкелерді бала тәрбиесіне белсенді қатысуға ынталандырмақ.

    Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуінше, қазір әкелер бала тәрбиесі мен қарым-қатынас процесіне аналармен салыстырғанда аз қатысады. Мысалы, бос уақытты бірге өткізу, серуендеу, үй тапсырмасын тексеру, ауырған жағдайда баланы емдеу, балаларды балабақшаға, мектепке, үйірмелерге, спорт секцияларына, дәрігерге және тағы басқа жерлерге апару көбіне анасына жүктеледі. Мамандар мұны әкелердің көп жұмыс істеуімен байналыстырады.

    «Әкелердің балалар тәрбиесіне және қарым-қатынас процесіне, сондай-ақ неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балаларды экономикалық қолдауға жеткіліксіз қатысуы қазақстандық қоғамда әке болу институтын нығайту қажеттігін айғақтайды. Әкелердің бала тәрбиесіне атсалысуын күшейту үшін «әке квоталарын» (әкелер ғана пайдалана алатын декреттік демалыстың бірнеше аптасы) енгізу мәселесін қарастыру ұсынылады», – дейді сарапшылар.

    Сауалнама деректері бойынша ата-аналардың 72,3 пайызы бос уақытты бірлесіп ұйымдастырады. Оның 21,5 пайызын – аналар, 3,4 пайызын – әкелер, 2,7 пайызын туыстары атқарады.

    Қазіргі таңда «әке квоталары» Норвегияда табысты нәтиже көрсетіп, ерлердің бала тәрбиесіне қатысу деңгейін арттырған.

    қатысты посттар

    Түркістан облысында ер адам әйелін ұрып, бес баласымен бірге үйінен қуып шықты

    «Қыздығын алсам болды әйелім болады деп зорлап тастайды»: Психолог қазақ жігіттері туралы

    12 жасқа дейінгі баланы жалғыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.