Бейсенбі, 8 Желтоқсан 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Отбасы

    Өз қызын зорламақ болған педофил құрбан болып, анасы баласын қорғағаны үшін түрмеге жабылуы мүмкін

    Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны 6 жасар қызын зорламақ болды деп айыпталды. Баланың анасы сұмдық жағдайға араша түсіп үлгерген. Нақтырақ айтқанда, әйел шырылдаған баланың үстінде жалаңаш жатқан күйеуіне пышақ сұғып алып, қызын адам шошырлық жағдайдан құтқарып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға 12 қыркүйекте Алматыда болды. Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен. Күдікті Жақыпов сол күні әйелі мен балаларына барған. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың кездесуі күтпеген жерден зорлық-зомбылық пен азғындыққа айналады.

    Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, кешкі астан кейін мастығы тарқамаған ер адам әйелінің шашынан сүйреп, жуынатын бөлмеде оны аяусыз ұрған. Орнынан әрең тұрған әйел, бөлмеге беттеген тұсында қорқынышты жағдайға тап болады. Ер адам туған қызының киімін шешіп, арам ойын жүзеге асырмақ болған. Сол сәтте ас үйден қолына түскен пышақты ала жүгірген әйел қызын қорлықтан сақтап қалу үшін күйеуіне пышақ жарақатын салған.

    «Зардап шеккен әйелдің әпкесінің айтуынша, ер адам алдымен балаларды бөлмеге қамап қойған. Әйелін зорлағаннан кейін ол бөлмеге барып, есікті кілтпен ашып, қызын шақырды. Ол қызының үсітне жалаңаш жатып, оның киімін шешпек болған. Әйелі оны итеріп жібермек болып ұрады, алайда ер адам оны кері тепкілейді. Ер адам шегіп алған және мас болған. Содан қолына түскен пышақпен әйелі оны тоқтатуға мәжбүр болды», – дейді Дина Таңсәрі.

    Алматының Полиция департаментінің хабарлауынша, осыдан кейін бауыр мен тік ішектің тесілген жарақаты бар ер адам ауруханаға жатқызылды. Оның бұрынғы жұбайына 106-бап, 1-бөлім бойынша қылмыстық іс қозғалды (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру). Мән-жайларды құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

    Келіншек қазіргі уақытта үй қамауында отыр. Ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ әйелді және кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекеті туралы ешқандай іс қозғалмапты.

    Құқық қорғаушылар дабыл қағып отыр. Ойламаған жерден қылмыскер емес, жәбірленушіге айналған ер адамға тиісті жазасын беру үшін қазақстандықтар петиция ұйымдастырып,  Президенттен өрескел қылмысқа назар аударуын сұрайды.      

    «Біз 11 246 қол жинадық, кейін Президент әкімшілігіне жолдаймыз. Бастапқыда құқық қорғау органы тиісті тергеу жұмыстарын жүргізбеді. Әйелдің алғашқы жауап алуы адвокатсыз өтті, тергеуші оны жедел медициналық тексеруден өткізудің орнына 3 күн изоляторда ұстады. Ол бұрынғы күйеуінің оны зорлағанын айтады. Ал тергеуші ер адамды жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп жазады, бұл екі түрлі нәрсе. Олар мұны мүлдем қарастырған жоқ, сондықтан бұл істі 120 емес, 106 — бап бойынша жүргізеді», – дейді «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

    Белгілісі, ер адам Шымкентте тұрады. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінің мәліметі бойынша, ол 3 жылдан бері алимент төлемеген, оған елден кетуге тыйым салынған.

    Похожие записи

    Интернетке тәуелділіктен құтыл да, арманыңа қол жеткіз! Біз үшін әр баланың болашағы маңызды

    Фариза

    Баланы ауруханаға жатқызарда нені білу керек? Өзекті 6 сұраққа жауап

    Фариза

    “Баламның мінезі өзгеріп кетті”. Жасөспірімдердің ата-анасына арналған 10 кеңес

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.