-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

     Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев ісі: миллиардтаған қаржы қайтарылды

    Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Қайрат Сатыбалды, Гүлмира Сатыбалды және Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істерге қатысты тұлғалардың мемлекетке миллиардтаған қаржыны қайтарып бергені туралы мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

    Комиссия ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда. Бұл Қ.Сатыбалдыұлына, Г.Сатыбалдыға, Қ.Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және басқа істер.

    «Қазіргі уақытта тергеп-тексеру органдары қабылдаған шаралармен шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарды.

    Тергеп-тексеру органы «Қазақтелеком» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтетті», — делінген комиссия хабарламасында.

    ӨКМ Операторы ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқыру әрекетіні жолы кесілді («ӨКМ» ЖШС шотынан «Жасыл Даму» АҚ-ның (мемлекеттік ұйым, «ӨКМ Операторы» ЖШС акцияларының 100%-ына иелік етеді) шотына аударылды), оның шамамен 100 млрд теңгесі жеңілдікті автонесиелеуге бағытталды.

    қатысты посттар

    Педагогтар мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі

    Фариза

    Тараздағы жарылыс өзге елдің диверсиясына ұқсайды — Мұхтар Тайжан

    Фариза

    Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы өсті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.