13 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Биылғы жаңа оқу жылының ерекшелігі 1 қыркүйектен бастап қала мектептері жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіріледі. Яғни, Арал ауданынан – 9 мектеп, Қазалы ауданынан – 3 мектеп, Байқоңыр қаласынан – 5 мектеп, Қызылорда қаласынан – 41 мектеп, барлығы 58 мектепті аталған механизмге енгізу үшін барлық жоспарлы дайындық жұмыстары аяқталды.

    «Облыстағы 222 мектептегі 116 888 оқушы қашықтан оқытылады. Қашықтан оқыту BilimLand, Дарын-онлайн интернет платформалары арқылы жүргізіледі. 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы 3141 топта дәстүрлі оқиды. Шалғай орналасқан елді-мекендегі 71 мектептен 10712 оқушы дәстүрлі оқытылады. 25 елді мекендегі 2187 оқушы дәстүрлі түрде оқиды. 2020-2021 оқу жылында облыстағы 30 колледжде қашықтан оқыту жүйесінде білім беру жүзеге асырылатын болады», – облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

    Сонымен қатар, қала, аудан әкімдіктері дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы бастады. Биылғы жылғы акцияның мақсаты – әлжуаз отбасынан шыққан балаларды электронды құрылғылармен және интернетпен қамтамасыз ету.

    қатысты посттар

    “Аяусыз жауыздықпен өлтірген” 40 мың теңге үшін әйелді 30 рет пышақтап кетті

    ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНА ПАРА-ПАР ЕҢБЕК

    Фариза

    “Атыс салдарынан бір адам көз жұмды”. Құрбан айт қарсаңында мешітте атыс болды (видео)

    Пікір қалдыру

    fourteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.