5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды

    Құрбандық шалуды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының әкімдігі құрбандық малдарын союға және сатуға рұқсат етілген 13 орынды бекітті, деп хабарлайды Qazweek.kz апарат агенттігі.

    Оқи отырыңыз: «Бір малды басқасының көз алдында бауыздамау керек” Құрбандық малы қалай сойылады?

    Алатау ауданы:

    «Мырзахмет» мешіті, Қарасу ықшам ауданы, Солтүстік айналма тас жолы, 15;

    «Әскер ата» мешіті, Әйгерім-1 ықшам ауданы, Бенберина көшесі 18/4;

    «Алғабас» мешіті, Алғабас ықшам ауданы, Ақбөпе 6 көшесі;

    «Әл-Азим» мешіті, Борандай ықшам ауданы, Азат 20А көшесі.

    Бостандық ауданы:

    «Бақыткелді» мешіті, Хан-Тәңірі ықшам ауданы, Дулати даңғылы 27/11.

    Жетісу ауданы:

    Вайнах мешіті, Айтықова көшесі 1А.

    Медеу ауданы:

    «Аманқұл ата» мешіті, Т.Бигелдинова көшесі 5;

    «Фатима» мешіті, Ш.Жәнібек көшесі 148;

    «Райымбек батыр» мешіті, Думан-1 ықшам ауданы, Хан Тәңірі көшесі 1.

    Наурызбай ауданы:

    «Қалқаман-2» мешіті, Қалқаман-2 ықшам ауданы, Аспандиярова көшесі 84;

    «Қарағайлы» мешіті, Қарағайлы ықшам ауданы, Надырова Қ көшесі 1а;

    Таусамалы базары, Таусамалы ықшам ауданы, Қонаев көшесі 35 В.

    Түрксіб ауданы:

    «Қайрат» мешіті, Қайратықшам ауданы, Сарымолдаева көшесі 22.

    Барлық құрбандық шалу орындарында, сондай-ақ қала мешіттерінде 9-11 шілде аралығында әкімдік, ветеринарлық қызмет полициясы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кезекшілікте болады.

    Құрбан айтты тойлау кезінде мұсылмандар қой, сиыр, ешкі немесе түйені құрбандыққа шалады. Құрбандық адамның Құдайға рухани бет бұруын білдіреді. Мерекенің форматы былтырғыдай сақталады. Құрбандық шалу рәсімін Алматыда онлайн және офлайн режимінде өткізуге болады.Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан

    Имам түсіндіргендей, құрбандық шалу процесі бейнежазба режимінде өтеді, рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері намаз кезінде айтылады. Кейін бейне тұтынушыға жіберіледі. Ол құрбандық шалу рәсімін онлайн режимде өткізудің бұл тәжірибесі мұсылман елдерінде бұрыннан енгізілгенін атап өтті.

    Барлық мұқтаж азаматтар еріктілер жеткізетін құрбандық етін алу үшін арнайы сайтқа өтініш қалдыра алады.

    Биыл Құрбан айт 9-11 шілде аралығында өтеді.

    қатысты посттар

    Ауыз ашқаннан кейін темекі шексе, оразаның қазасын өтей ме?

    Фариза

    2022 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері

    Фариза

    Пандемия кезінде ораза ұстау қауіпті ме – Мамандар жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.