8 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    АҚШ-та жүк машинадан 46 мигранттың мәйіті табылды

    АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласының шетінде тұрған жүк машинасынан 46 мигранттың мәйіті табылды. Тағы 16 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде 4 бала бар, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Тірі қалғандардың аптап ыстықтан қатты зардап шеккені белгілі болды. Ал, жүргізушісі тастап кеткен көлікте желдеткіш жұмыс істемеген және ауызсу жоқ.

    Қаза тапқандардың екеуі – гватемалалықтар, қалғандарының азаматтығы белгісіз, деп жазады qazaqstan.tv.

    Сан-Антони АҚШ-Мексика шекарасынан 250 шақырым жерде орналасқан. Адам саудагерлері үшін негізгі транзиттік жол осы қала арқылы өтеді.

    Қылмыстық топтар құжаты жоқ мигранттарды Құрама Штаттарға тасымалдау үшін жүк машиналарын жиі қолданады.

    Оқиғаға байланысты үш адам қамауға алынып, қазір олар тергеліп жатыр.

    қатысты посттар

    ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

    Фариза

    “Мені де, бауырларымды да ұрады”: Қапшағайда 17 жастағы қыз өгей анасының қорлық көрсететінін айтып көмек сұрады

    Фариза

    Астаналық көп балалы аналар Парламентке басып кірді

    Пікір қалдыру

    nineteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.