-6.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    Қытай қазақстандықтарға визасыз режим беру мүмкіндігін қарастырмақ

    Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпинмен кездесуі барысында белгілі болді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

    Ш.Нұрышев жақын арада қалпына келетін тұрақты әуе қатынастары және адами байланыстардың белсендірілуін ескеріп, екіжақты мәдени-гуманитарлық диалогты жандандырудың қажеттігіне назар аударды. Қазақстанның Елшісі
    ҚР және ҚХР-да мәдени орталықтарды өзара құру бұл бағыттағы екіжақты қатынастардың дамуына мықты серпін беретінін атап өтті.

    «Сонымен қатар, Ш.Нұрышев сұхбаттасушыны Қазақстанның туристік мүмкіндіктері және ҚР Үкіметінің Туристік саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларымен таныстырды. Сондай-ақ елші қазақстандық тараптың ҚХР азаматтары үшін 14 күндік мерзімге дейін визасыз режим енгізу жөніндегі жоспарын ескеріп, ҚР азаматтары үшін де ұқсас жағдай жасау мәселесін көтерді», — делінген хабарламада.

    Өз кезегінде, Ху Хэпин Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықтың зор келешегі бар екенін ерекше атап өтті. Ол жыл соңында жоспарланған Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 15-ші отырысы екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

    Сонымен бірге, ҚХР Мәдениет және туризм министрі Қазақстан Үкіметінің елдің туристік әлеуетін ашу бойынша қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады, сондай-ақ қытайлық тараптың мәдениет орталықтарды өзара құруға дайын екенін білдірді.

    Кездесудің соңында тараптар ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия — Қытай» мемлекет басшылары онлайн-саммитінің қорытындылары бойынша уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспары шеңберінде мәдениет және туризм саласында бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін қоса алғанда, ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі мен ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі арасында тығыз байланыстарды сақтауға келісті.

    қатысты посттар

    FlyArystan билетті 3000 теңгеден сатып жатыр

    Фариза

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Момыш бұлағы — қасиетті мекен

    Пікір қалдыру

    fourteen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.