22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Туризм

    Момыш бұлағы – қасиетті мекен

    Елбасының Ұлы даланың жеті қыры мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру көзделген болатын. Ол бағытта Киелі жерлердің картасына кірген Жамбыл облысында да бірнеше нысан бар. Солардың бірі еліміздің өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген Жуалыдағы Момыш бұлағы. Бұл мекенде даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы дүниеге келген. Қазіргі уақытта бұл нысанға сапарлап барушылардың қатары көбейіп отыр. Әсем табиғаты, мөлдір суы, саф ауасы келген туристерді баурайтын мекенді одан әрі дамыту керек. Бұл сондағы ауыл тұрғындарының пікірі. Иә, Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған жері – ол бұрынғы Орақ-балға ауылы болатын. Қазіргі Талапты ауылына барар күре жолға жақын орналасқан қасиетті мекенді қазір ел-жұрт Момыш бұлағы деп атайды. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, осы аймақ Орақ-балға ауылы деп 1970 жылға дейін аталған. Бұл бұлақ 2005-ші жылдан бері Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімімен аталады. Суы мөлдір әрі саф таза. Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Момыш бұлағына барар жолды нұсқайтын арнайы белгі қойылған болатын. Батыр туып-өскен қасиетті мекенді қадірлеп, оны кейінгі ұрпаққа ұлықтау үшін өткен жылы Момыш бұлағының аумағы қоршалып, стелла орнатылды. Ал, енді осындағы тұрғындар бұл мекенді ары қарай дамытып, қажетті жағдай жасалса дейді. Ал, аудан әкімдігі бұл жағдайдан хабардар. Сондықтан, алдағы уақытта бюджеттен қаржы қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізіледі деп отыр. Қорыта айтқанда, алты Алаштың арыс тұлғасына айналған, қала берді күллі әлемге ерлік даңқы асқақтаған Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған Момыш бұлағын алыс-жақыннан туристер келетін қасиетті орынға айналдыру керек-ақ. Жалпы, Жамбыл жерінде осындай киелі жерлер аз емес. Мәселен: Меркі ауданындағы тау басында орналасқан Көккөл көлін де аудан қариялары осындай жобаға кіргізіп, тыңғылықты зерттесе екен деген ұсыныстарын айтып отыр. Себебі, бұл да құпияға толы қызықты мекен. Жергілікті тұрғындар арасында «Әулие көл» атанған ерекше көл жайлы түрлі аңыз бар. Бірі мұнда айдаһар бар десе кейбірі ақырған бураны көрген деген аңыздарды айтады. Әлі толық зерттелмей, сырын ішіне бүккен көл жайында әңгіме көп. Таудың ұшар басындағы киелі көл Ақтоған ауылынан 100 шақырым жерде. Құлама -жартасты өткелдері бар, жолы қауіпті сапарға арнайы экспедиция ұйымдастырылды. Жергілікті азаматтар мен табиғат жанашырларынан құралған топ Алатаудың бес саласын асып, Қарақыстақ жайлауына бет алды. Сыртқы пішіні жүрекке ұқсайтын бұл көлге ешқандай ағын келіп құймайды. Және ешқандай су ағып кетпейді. Бірақ судың деңгейі қысы-жазы бір қалыпта. Түбі жоқ түпсіз көлге кеңестік кезеңде түрлі экспедицялар ұйымдастырылып, ғалымдардың зерттеу нысанына айналғанымен, нәтиже шықпаған. Осы күнге дейін көлдің тереңдігі анықталмапты. Көлдің тағы бір физикалық қасиеті айдында бір қоқым, жапырақ жатпайды. Су бетіндегі ультродірілден суға түскен кез келген зат сыртқа шығып кетеді. Міне, осындай құпиялы да аңызға толы жерлерді зерттейтін жобалар көбейсе елдің де көкейінде жүрген қаншама сұрақ шешілер еді.

    қатысты посттар

    Жамбылдықтардың әлеуеті артуда

    Фариза

    ШҚО-ның 10 ауылында блокты-модульді станциялар орнатылады

    Шымкент: Ретсіз сауда орындарына рейдтік іс-шара ұйымдастырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.