27.8 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, директор кетеді — министр

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен «Алтын белгіге» үміткер үшін кімдер жауап беретінін айтты.

    Бұл туралы министрліктің аппарат жиналысында мәлім болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер «Алтын белгіге» үмітті оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз, — деді Асхат Аймағамбетов.

    Ол кейін естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын деді. Сол себепті білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына тапсырма берді.

    Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Бұл мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Тіпті, қажет болса, жұмыстан шығарамыз. Соған дайын болыңыздар, — деді министр.

    қатысты посттар

    Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарды өзіне тиесілі емес жұмысқа тартқандарды қызметінен босатуға дейін барамыз

    Фариза

    Вакцина салдырмаған студенттерге жатақхана берілмейді – жаңа қаулы

    Фариза

    Жаңа оқу жылында жамбылдық оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.