5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, директор кетеді – министр

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен “Алтын белгіге” үміткер үшін кімдер жауап беретінін айтты.

    Бұл туралы министрліктің аппарат жиналысында мәлім болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    “Алтын белгіге” үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер “Алтын белгіге” үмітті оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз, — деді Асхат Аймағамбетов.

    Ол кейін естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын деді. Сол себепті білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына тапсырма берді.

    Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Бұл мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Тіпті, қажет болса, жұмыстан шығарамыз. Соған дайын болыңыздар, — деді министр.

    қатысты посттар

    Қазақстандағы ЖОО-ның білім беру қызметіне қойылатын талаптар өзгерді

    Фариза

    Оқушылар каникулы қалай өзгереді? Министрлік мәлімдеме жасады 

    Қазақстанда төрт өңірге үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.