-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталды

    Бүгін, 17 мамырда Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

    «Сот екеуін де пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп тауып, Таубаевты 10 жылға, Басаровты 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды», — делінген хабарламада.

    Олар жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады (қазір колония-қоныс осылай аталады).

    2020 жылдың шілде айында Атырау облысының әкімдігімен Жылыой ауданының Құлсары қаласында аурухана салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жұмыстарын «БКК» ЖШС-і орындаған. Сотталушы Т. облыс әкімінің орынбасары бола тұра және құрылыс саласына жетекшілік ете отырып, «БКК» ЖШС-нің директорының орынбасарынан келісімшарт сомасының 10% мөлшерінде пара талап еткен. Кейін сотталушы Б.-ның (құрылыс басқармасының басшысы) қатысуымен пара сомасы 7% — 185 500 000 теңге мөлшерінде келісілген. Т. сотталушы Б.-ға ақша қаражатын алып келуді тапсырған. 

    Содан кейін Б. жәбірленушіден 185 730 004 теңге (423 900 АҚШ доллары және 5 000 000 теңге) мөлшерінде пара алған. Пара беру барысында Б. сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің қызметкерлерімен ұсталған. Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушылардың кінәсі сотталушы Б.- ның кінәсін толық мойындау жауабымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, жеке тінтумен, WhatsАpp мессенджеріндегі хат алмасумен, бақылау камераларының бейнежазбасымен, АЖІШ және ЖТӘ нәтижелерімен, сараптама қорытындыларымен өз дәлелін тапты. 

    Сот позициясы 

    Сот сотталушы Т.-ны ҚК-тің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (мемлекеттік қызметті атқаратын лауазымды адамның қорқытып алу жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде пара алуға оқталуы), Б.-ны ҚК-тің 28-бабының 5-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігімен (аталған іс-әрекеттерге көмектесу) кінәлі деп таныды.  Сот сотталушы Т.-ның қабылдаған антты бұзу арқылы қылмыс жасағанын жазаны ауырлататын жағдай деп таныды. 

    Қылмыс жасалған уақытта қолданылған ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Заң бойынша (ҚК-нің 56-бабы 3-бөлігі) қылмысқа оқталу кезінде жаза ең жоғарғы жазаның ¾ бөлігінен, яғни 11 жыл 3 айдан аспауға тиіс. Сот үкімімен Т.-ға 10 (он) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сотталушы Б.-ға жазаны ауырлататын мән-жайлар мен заң талаптарының (жаза 8 жыл 5 айдан аспайды) болмауы ескеріле отырып, ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігі қолданылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екі сотталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. 

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

    қатысты посттар

    «Жер тегін беріліп жатыр» Түркістан әкімі халықты дүрліктірген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

    Фариза

    Жалағашта ем-шара кабинеттері тұрғындарға тегін көмек көрсетеді

    Фариза

    25 адамды үтікпен азаптаған. Прокуратура қанша полицей ұсталғанын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.