8 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Әпкем мен анам полицияда біреудің мәйітін менікі деп ойлап, оны жерлепті”.

    Қарағандыда он бір жылын өткізіп, еңбекті қанаудан босатылған Ресейдің азаматы, өз елінде өлілердің қатарына косылып кеткен. Мұрагерлікке қалған пәтер бөтен адамдардың қолына өтіп кеткен. Бұл туралы Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz  порталына сілтеме жасай отырып.

    “Мен Свердлов облысынан Қарағандыға қонаққа келдім. Осы жерден біз таулы өлкелерді, ормандарды аралап қайту үшін Алматыға бардық. Бірақ мен сол жақта ресейлік төлқұжатымды жоғалтып алдым. Қарағандыға қайтып оралдық. Таныстарым қайтып кетті, ал мен құжаттарымды қалпына келтіру үшін осында қалдым. Қиындықтар басталды, ақша да, уақытша тұратын жер де жоқ. Бір ер адаммен кездейсоқ таныстым. Ол кісі мені қыстауда жұмыс істеуге шақырды. Жалақы беретінін уәде етті. Свердлов облысына қайтар билетті сатып алып, құжаттарды қалыпқа келтірерде бажды ол берген ақшаға төлейтінімді айтты”, — дейді Ресей азаматы. 

    Танымайтын кісімен қыстауға аттанған ол 11 жылға жоғалып кеткен. Сол жерде тамақ ішу үшін мал баққан, аула тазалап, үй шарушылығымен айналысуға көмектескен. Ақша алмаған. Оған ешкім қол көтермеген, қинамаған. Бірақ айтуы бойынша, бостандыққа жібермеген. 

    “2015 жылы қыстаудың бастығы қайтыс болған соң, ресейлікке өз еліне қайтуға рұқсат берілді. Алайда, ол туған жеріне ораламын дегенше қарт анасы ұлын жер қойнауына тапсырыпты. Ресей елшілігі оған ер адамға тіпті өлу туралы куәлікті көрсеткен. 

    “Мен “Қайсар” қорының көмегіне жүгіндім. Олар маған Свердлов облысындағы достарыммен байланысқа шығуға көмектесті. Достарым дауысымды тыңдап, қатты таңғалды. Әпкем мен анам полицияда біреудің мәйітін менікі деп ойлап, мені жерлепті. Әр жыл сайын есіне алғандарын айтты”, — деп ер адам басынан өткенімен бөлісті. 

    Ресейлік азаматтың анасы қайтыс болғаннан кейін оған тиесілі пәтер мұрагер бар болса да басқа адамдарға берілген. Қордың заңгерлері Ресейлікті “өлді” деп санаған Свердлов облысының сотының үстіне арыз жазды. Соттың шешімімен ресейлік ер адамның өлу туралы куәлігі жарамсыз деп танылды.
    Ер адамның атымен кім жерленгені анықталады, пәтердің жаңа иегері баспананы қалай алғаны анықталды. 

    қатысты посттар

    Қызылордалық мамандар науқастардан иммунды плазма дайындауды бастады

    Фариза

    Назарбаев орталығы БҰҰ Өркениеттер Альянсымен әріптестікке қол жеткізді

    Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақы көлемі ұлғаюы мүмкін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.