Среда, 4 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтауда қашып кеткен сарбаз табылды

    Ақтауда жоғалған әскери қызметкерді іздеу аяқталды: ол өз бетімен оралды. «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Әділбеков Бағлан бөлімшеден өз еркімен кеткен соң, ата-анасымен кездескен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    2022 жылғы 17 мамырда сағат 07.15 шамасында 6656 әскери бөлімінің жауынгері қатардағы Әділбеков Бағлан Ақтау қалалық полиция бекетіне өз еркімен келді, — «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметі

    Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 14 мамырда патрульдік күзет қызметін атқару кезінде қатардағы жауынгер әскери бөлімшелердің жиналып, әскери бөлімге жөнелтілетін жеріне келмей, қызметтік орнын рұқсатсыз тастап кеткен.

    Қатардағы жауынгер ата-анасымен кездесті. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр, — «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметі

    қатысты посттар

    Қазіргі кезде қайрымдылық пиарға айналып кетті — Айсұлтан Назарбаев

    Фариза

    «Әйеліммен шатастырып алдым» Оралда туған қызын зорлаған опасыз әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Фариза

    Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.