22 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелін темір таяқпен зорлаған

    Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелін темір таяқпен зорлаған. Әйел қазір ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Мой Город” порталына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, оқиға 16 мамырда БҚО-дағы аудандардың бірінде болған. Ауыл тұрғыны мас күйінде әйелін сабап, кейін оны темір таяқпен зорлаған. Ауыр халдегі әйел аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған ота жасаған. 

    “39 жастағы әйел көп қан жоғалтқан. Тік ішегінің тамырлары мен бұлшықеттері жыртылған, қалпына келуіне ұзақ уақыт керек. Бүгінде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды”, – деді аудандық аурухана дәрігерлері.

    Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартыпты.

    Бұл деректі БҚО полиция департаменті растады. Ведомство хабарына қарағанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (“Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру”) бойынша соталды тергеу басталды, барлық қажетті сараптама тағайындалған. 

    қатысты посттар

    “Мына жер ұнайды…” – белгілі актер Қадырбек Демесін қарттар үйінде тұрып жатыр ма?

    “Масқараға тап болдым” Алматы облысында арақ ішіп отырған ер адамдарды әкім қуып жіберді (видео)

    Фариза

    Алматы полициясы өзін өртеген әйел айыптаған қаржы пирамидасына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.