Воскресенье, 28 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Қазақстанда емделу қымбаттап барады

    Қазақстанда амбулаторлық-емханалық қызметтер бір айда 4% қымбаттады. Сарапшылардың бағалауынша, жылдық динамика бойынша баға өсімі 10% болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Energyprom.kz зерттеуінше, ай сайынғы динамикадағы бағаның өсуін Ақмола облысының тұрғындары қатты сезінді, бұл аймақта амбулаторлық-емханалық қызметтер бір айда бірден 9,5% қымбаттады.

    Алғашқы үштікке Алматы облысы (7,7%) мен Алматы қаласы (6,1%) кірді. Айта кетейік, еліміздің 17 өңірінің 4-інде баға бұрынғы деңгейде қалды.

    Жыл басынан бері баға Түркістан облысында бірден 12,5%-ға, Ақмолада 9,5%-ға, Алматыда 8,5%-ға өсті, – делінген зерттеуде.

    Жылдық динамика бойынша бағаның айтарлықтай өсуі Түркістан (бірден плюс 22,2%), Алматы (плюс 14,8%) және Ақмола (плюс 13,5%) облыстарында байқалды.

    Ай сайынғы динамика бойынша, сарапшылардың бағалауынша, наурызда бастапқы дәрігердің қабылдауына жазылу бағасы 4,3%-ға, стоматологиялық қызмет – 3,4%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 3%-ға, дәрігерлік амбулаториялардағы дәрігерлердің қызметтері – 3%-ға өсті.

    Жылдық динамикаға келетін болсақ, дәрігерге алғашқы қаралу бағасы 12,4%-ға, дәрігерлік амбулаториялардағы дәрігер мамандарының қызметі 12,2%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 8,6%-ға, стоматологиялық қызметтер қымбаттады.

    қатысты посттар

    Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылды

    Бүкіл әлем коронавируспен арпалысып жатқанда, Президенттік клиниканың дәрігерлері науқастың өмірін аман алып қалды

    Фариза

    Зейнетақы жинағының артық бөлігін қазақстандықтар тағы қандай емге жұмсай алады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.