9 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    “Ашуланшақтар инсультке жиі шалдығады”: Ғалымдар маңызды мәлімдеме жасады

    Халықаралық зерттеушілер тобы жиі ашулану инсульт алу ықтималдығын арттыратынын жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Ғалымдар 32 елдегі инсультпен ауыратын 13 мыңнан астам науқастың деректерін зерттей келе осындай қорытындыға келген.

    “Инсульттің алдын алу көптеген дәрігерлер үшін маңызды, бірақ бұл саладағы кейбір жетістіктерге қарамастан, біз әлі де инсульттің қашан болатынын нақты болжай алмаймыз. Көптеген зерттеулер гипертония, семіздік және темекі шегу сияқты орта және ұзақ мерзімді факторларға бағытталған. Біздің зерттеуіміз инсультті тудыруы мүмкін қысқа мерзімді факторлардың әсерін қарастырды”, – дейді Голуэйдегі Ирландия Ұлттық университетінің жетекші авторы Эндрю Смит.

    Ғалымдар медициналық көрсеткіштерді талдап, ишемиялық инсультпен және миішілік қан кетумен ауыратын науқастардың мінез-құлық үлгілерін анықтады. Мұндай әрбір 11-адам инсульттан бір сағат бұрын қатты ашуланған немесе жағымсыз эмоцияны бастан кешірген.

    Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсультқа шалдығады. Оның 5 мыңы бірден көз жұмады. Тағы 5 мың адам алғашқы айда қайтыс болады. Ал, қалғандары ауыр мүгедектікке шалдығады.

    қатысты посттар

    Вакцина салдырту үшін халықты қымбат сыйлықпен алдаудың не қажеті бар?

    Фариза

    Ресейлік танымал актриса туған атасының қазақ екенін жайып салды

    Денис

    Дәрігер омикронның ең алғашқы белгісін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.