-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жаңа заң бойынша мүгедектігі бар адамға қандай жағдай жасалады

    Бүгін Мәжілісте заңнамалық актіге мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, заң аясында таксопарктерде әрбір 10 таксидің біреуі мүгедектігі бар адамды тасуға арналуы тиіс.

    «Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес әрбір 30-шы такси мүгедектігі бар адамдарға арналған. Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарды тасуға арналған автобустарды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сол сияқты мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емделуге алып жүретін ата-анасының біріне мекемеде орналасу, тамақтану, жатын орны сияқты бірінші қажеттілік болып саналатын шығынның құны өтеледі. Бұл бастама шалғай аудандағы мүгедек балалардың жан-жақты емделуіне мүмкіндік береді. Бүгінге дейін бұл мәселе Нұр-Cұлтан, Қарағанды және Павлодар облыстарының ғана бюджетінде қарастырылған. Бұл өте маңызды мәселенің бірі. Өйткені қазір көптеген ата-ананың жағдайы баласымен бірге ақылы негізде ем-дом алуға жете бермейді», — дейді депутат. 

    Ол өз сөзінде мүгедектігі бар адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуі керектігін айтып өтті. Сондай-ақ «мүгедек» деген ұғымды «мүгедектігі бар адамға», ал «мүгедек бала» деген ұғымды «мүгедектігі бар балаға» деп өзгерту әрі «абилитация» ұғымын енгізу керегін айтты.

    «Заңнаманы «соқыр», «саңырау», «мылқау» деген терминдерді «көру қабілетінен толық айырылған адамдарға», «есту қабілетінен толық айырылған адамдарға», «сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарға», «мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы» деген терминді «мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасына» деп өзгерту ұсынылды», — дейді Бейсенбаев.

    Аталған заң жобасын іске асыруға 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 5,9 млрд теңге қарастырылады.

    қатысты посттар

    «Атыс салдарынан бір адам көз жұмды». Құрбан айт қарсаңында мешітте атыс болды (видео)

    Қызылорда облысының балық өнімдері 7 мемлекетке экспортталады

    Фариза

    Қызылордаға өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.