6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты. 

    “Біз ұлан ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын”, – деді Президент. 

    Айта кетейік, Қапшағай – Алматы облысы, Алматы қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған.

    Бүгінде 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады

    қатысты посттар

    Жалағаш ауданында сотталған азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

    Фариза

    “Алтын орда” базары біреулер үшін “майшелпекке” айналды” Токаев тәртіп орнату үшін екі ай уақыт берді

    Фариза

    42 500 теңгені нақты кімдер алатыны белгілі болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.